Тілдік нұсқа
Радио

мақала

АҚ ТҮСТІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР ЕКЕН
06 наурыз, 2017 жыл 535 Басып шығару нұсқасы

          Алла елшісінің (с.ғ.с.) ақ және басқа түсті киімдер кигені деректерде айтылған. Сондай-ақ, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) белгілі бір түсті киім киюді әмір етпеген. Дегенмен, ақ түсті ерекшелеп айтқан хадистері бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ақ түсті тірі және марқұм мұсылманға бірдей құп көрген. Ибн Аббас (р.а.): «Ақ түсті киімдеріңді киіңдер. Расында, ол – сендердің ең жақсы киімдерің. Және де мәйіттеріңді ақ матамен кебіндеңдер[1]», – деген пайғамбар (с.ғ.с.) хадисін риуаят еткен. Ақ түстің айрықша болуының себебі Самурат (р.а.) риуаят еткен хадисте былай түсіндіріледі: «Ақ түсті киімдеріңді киіңдер. Өйткені, ең таза, ең әдемісі  – сол түс. Және марқұмдарыңды ақ матамен кебіндеңдер[2]».

Ақ түсті киім кіршіксіз тазалықтың белгісі. Өйткені, ақ киімге тиген дақ лезде байқалады.      Бұл мұсылманның киімін таза ұстауына мүмкіндік береді. Ал, ең әдемісі деуі ақ түстен тыныштық пен рақаттың лебі есіп тұрады. Бұл өз кезегінде – көпшіліктің адамға деген ілтипатын тудыратын дүние.


[1] Тирмизи
[2] Насаи

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары