Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жұмсақтықтың маңызын біліңіз
06 наурыз, 2017 жыл 293 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыз (с.а.у.) барлық адамзатқа сенімі, түрі, ұлты қандай болса да сүйіспеншілікпен қарап, барынша сыпайы қарым-қатынас жасаған. Өйткені, ол әлемге рахмет ретінде жіберілген («Әнбия» сүресі, 107-аят).

Оның мейірімі тек адам баласымен шектелмеген. Басқа тіршілік иелеріне де мейірімділік көрсетуге шақырады. Хз.Пайғамбар (с.а.у.) «Жаны бар ешбір нәрсені нысана ретінде пайдаланбаңдар!» деп жануарларды нысана ретінде тігіп, атуға, мүшелерін кесуге, қысқасы, қандай да бір жапа шектіруге тыйым салған.

«Жұмсақтықтан мақұрым болған адам жақсылықтан да мақұрым қалады» (Мүслим: «Бирр», 74) деген рақым пайғамбары Аллаһ Тағаланың барлық істерде жақсы қарым-қатынас жасауды бұйырғандығын айтып, жануарларға зәбір тигізуді тыйған (Мүслим: «Сайд», 57).

Мінген түйесі дұрыс жүрмегені үшін оны әрі-бері бұра бастаған Хз.Айна анамызға жұмсақ болуын ескерткен (Мүслим: «Бирр», 79) және былай деген: «Жұмсақтық іске әдемілік береді, қаталдық болса істі кемшін етеді» (Муслим: «Бирр», 78).

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары