Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шайтан тұзақты осылай құрады екен
06 наурыз, 2017 жыл 4044 Басып шығару нұсқасы

Шайтанның адамға деген шексіз жеккөрушілігі мен қызғанышы оны адамға қарсы аяусыз соғыс жүргізуге итермелейді.  Әуел бастан күні бүгінге дейін ол адам баласын тура жолдан тайдыру үшін аянбай келеді.

Шайтан жоқшылықпен үрейлендіріп, күнә жасауға итермелейді

«Шайтан сендерді кедейшілікке итермелеп, жамандыққа бұйырады» (әл-Бақара, 2/268).

Шайтан Алла туралы сан-сауал тастап, дау-жанжалға салады

«Адамдар арасында Алла туралы ештеңе білмесе де дауласатындары бар және олар солайша шайтанның  бүлікшісі болады».

Шайтан мұсылмандар арасына жік салады

«[Мухаммад] Менің құлдарыма айт, өзара жақсы сөйлессін, өйткені шайтан олардың арасына жік салады. Шынында, шайтан адамға – анық жау».

Шайтан ысырап етушілердің досы
«Ысырап етушілер – шайтанның бауырлары» (аль-Исра, 17/27). Егер адам ысырапқа жол берсе оның серіктесі шайтан болады.

Шайтан заттардың атын ауыстырып, күмәнға жол ашады

«Бірақ шайтан оның құлағына сыбырлай бастады: «О, Адам! Саған мәңгілік ағашы (жемісімен) мен мәңгілік билікті көрсетейін бе?» (Та-ха, 20/120).

Шайтан Алла Тағала белгілеген шындықты жасырып, оны өтірікпен алмастыруға тырысады

«Мен оларды сөзсіз тура жолдан тайдырамын, оларды пайдасыз үмітке еліктіремін, Алла берген дінді бұрмалауды бұйырамын» (ан-Ниса, 4/119).

Шайтан барлық істі сол қолымен жасайды

Алла елшісі хадистерінің бірінде: «Сендердердің әрқайсыларың оң қолмен тамақтанып, оң қолмен сусын ішіп, оң қолмен алып, оң қолмен беріңдер. Ал шайтан сол қолмен тамақтанып, сол қолмен ішіп, сол қолмен алып, сол қолымен береді»-деген.

Шайтан жамағаттан бөлек жеке намаз оқушыларды титықтатады

Алла елшісі: «Егер ауылда немесе басқа бір жерде үш мұсылман болса және олар намазды жамағат болып оқымаса оларды шайтан қоршайды. Бірге болыңдар. Себебі қасқыр отардан бөлінген қойды жейді емес пе?»-деген.

Шайтан мұсылманға намаз уақытында тиіседі

Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Шайтан  адамға намаз уақытында тиіседі. Және намаз оқып тұрған адам неше рәкәт намаз оқығанынан жаңылыспайынша немесе ұмытпайынша кері шегінбейді. Егер осындай жағдай орын алса соңғы отырыста әт-Тахитяттан кейін сәлем беріп, екі сәжде жасаңдар»-деген.


Намаз оқып тұрған адамдар арасында бос орын болса шайтан сол орынға отырады


Алла елшісі: «Намаз уақытында топтасып отырыңдар. Періштелердің сабындай болып қатар тұрыңдар. Иықтарың иықтарыңа тисін, араларыңда орын қалмасын.  Шайтанға бос орын қалдырмаңдар. Намаз оқушылардың  қатарын толықтырғанға Алла Тағала қайтарымын береді (жоғын беріп, күнәсін кешіреді). Кім қатарды бұзса Алла оның ісін бұзады»-деген.

Шайтан жаман түстерге түрткі болады

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Егер сендердің бірің әдемі түс көрсеңдер, бұл – Алладан. Бұл үшін Аллаға алғыс айтып, ол түстеріңді жақындарыңа айтыңдар. Ал егер жаман түс көрсеңдер, бұл – шайтаннан. Және оны ешкімге айтпаңдар, шайтанның айдап салуынан Аллаға жүгіріңдер»-деген.

Шайтан таң намазына тұруға кедергі жасайды

Алла елшісі: «Шайтан ұйықтап жатқан адамның басына үш түйін тартады. Және түні бойы осы түйіндермен азаптайды. Егер адам оянғанда Алланы есіне алса бір түйін шешіледі. Дәрет алғанда екіншісі шешіледі. Ал намаз оқығанда үшіншісі шешіледі. Ол сонда күнді жақсы көңіл-күймен қарсы алып, жаны жадырайды. Керісінше жағдайда жалқауланып, көңіл-күйі түседі»-деген.


Шайтан жамағаттан қашады

Алла елшісі: «Кім Жұмаққа барғысы келсе жамағатпен бірге болсын. Шынында шайтан жалғыз қалушылардың қасында болады»-деген.

Шайтан оңаша қалған ер мен әйелдің қасында болады

Мұхаммед Пайғамбарымыз: «Ер адам әйелмен оңаша қалмасын. Олай болмаған жағдайда үшіншісі шайтан болады»-деген.

Шайтан жалғандық пен күмән жолында жүргендер арасында өз уағызын жүргізеді

«Және біліңдер бұл (жол) – олар үшін тура жол. Сонымен жүріңдер және басқа жолға түспеңдер, себебі Ол көрсеткен жолдан тайдырады» (әл-Ан’ам,  6/153).

Алла елшісі осы аятты түсіндіру үшін тік сызық сызып: «Міне бұл Алланың тура жолы»-дейді. Содан кейін осы сызықтың оң жағы мен сол жағынан басқа сызықтар сызып: «Ал бұл басқа жолдар. Және олардың бәрінің басында шайтан отырып, жолдан тайдырады»-деген.

Шайтан ашу қысқан сәтте бірге болады

Алла елшісі: «Жабырқау жүрген және ауырлық сезініп жүрген адам айтса бәрін жеңілдететін сөзді білемін. Бұл «Ә’узу билләһи минаш-шайтанир-ражим» - деген сөз. Алла елшісі бұл сөзді ашу үстінде тұрған адамға айтқан.

Шайтан әл-Күрси аятын оқыған адамға жақындай алмайды

«Түсінде Әбу Хурайраға шайтан келіп: «Ұйықтар алдында «әл-Күрси» аятын оқыған адамға Алла Тағала жеткілікті күзетші береді және таң атқанша ол адамға шайтан жақындай алмайды»-дейді.  Әбу Хурайра мұны Пайғамбарға (с.ғ.с) жеткізгенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Өтірікші бола тұрса да, ол саған шындықты айтыпты»-деген екен.

Шайтан азанды естігенде қашады

«Шынында шайтан намаз азанын естігенде бұрылып алып қаша жөнеледі». Басқа бір хадисте: «әт-Тахиятты оқыған кездегі сұқ саусақтың қозғалысы шайтанға темірмен ұрғаннан да ауыр соғады"- делінген.

Алла Тағала шайтанға адам үстінен билік берген. Бірақ шайтанның билігі сенімін сөзімен ғана растайтын дінсіздер мен екі жүзділерге ғана жүреді. Құранда: «Ісі жасалып қойғанда шайтан айтады: «Шынында Алла Тағала сендерге анық уәде берді, менде уәде еттім. Бірақ мен өз сөзімде тұрмады. Себебі менің сендерді күмән жолына шақырғаннан басқа билігім болмады. Ал сендер маған құлақ астыңдар, ал енді мені емес, өздеріңді күнәлаңдар. Мен сендерге көмекке келе алмаймын. Сендер маған көмектесе алмайсыңдар. Мен сендердің алдымен маған бағынғандарыңа кінәлі емеспін»-делінетін жолдар бар  (Ибрахим, 14/22).

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары