Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Біліңіз, бұл ең жақсы дұға
04 наурыз, 2017 жыл 2679 Басып шығару нұсқасы

Иә, Раббым! Күнәларымызды рақымдылығыңмен кешір. Өлгендердің күнәларын кешір, тірілерге жақсылық жасай гөр!

Риядан, даудан, түсініспеушіліктен, әр түрлі аурудан, қазадан, бәле-жаладан, жалқаулықтан, әлсіздіктен, масқара болудан, зұлымдық жасаудан, зұлымдық көруден, сараңдықтан, ысырапшылықтан, аздыратын байлықтан, тура жолдан тайдыратын кедейліктен, шайтан мен нәпсінің жамандығынан, дұшпанның үстемдігінен, жаман мінезден, бидғат істеуден, адасудан, жалған ғибадаттан, әр түрлі күнәлардан, күпірлікке түсуден, өлерде келетін бүліктерден, қабір азабынан, дініміз бен дүниемізге зиян келтіретін істерден сақтай гөр, иә Раббым!

Иә, Раббым! Бізге таусылмас иман, жақсы мінез, шүкіршіл жүрек, сабырлы тән, зікіршіл тіл, тағдырға разы болатын қайырлы өмір, дұрыс ұрпақ, дүние мен ақыретте жақсылық бер. Ата-аналарымыздың күнәларын кешір!

Иә, Раббым! Өз сүйіспеншілігіңді, сүйгендеріңнің сүйіспеншілігін, бүкіл пайғамбарлардың, әһли бәйттің, сахабалардың және барлық әулиелердің сүйіспеншілігін және сенің сүйіспеншілігіңе қауыштыратын әрекет пен істерді нәсіп ет!

Иә, Раббым! Дініңе қызмет етуді, құл ақысын өтеуді және шәйіт болып өлуді нәсіп ет! Бізге ақиқатты ақиқат етіп, бұрысты бұрыс етіп үйрет!

Иә, Раббым! Осы отанды бізге қалдырған бабаларымыздың рухын шаттандыр. Мемлекетімізге еңбегі сіңген және Аллаһ үшін соғысқан аталарымызға рақымдылық таныт. Елімізді әр түрлі дұшпандардан қорға. Өйткені, Сенің барлық нәрсеге күшің жетеді. Дұғаларымызды қабыл ете гөр! Әмин.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары