Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сен осы  істі жасауың керек
01 наурыз, 2017 жыл 638 Басып шығару нұсқасы

Аса мейірімді, ерекше Алла Тағаланың атымен бастаймын!

Адам өмірінде өзін бақытты сезініп, өмірдің ләззатына қану үшін мына сынды дүниелерді: таудың шыңын бағындыру, дүниежүзіні саяхаттау, парашютпен секіру тағы да басқасын өмірінде бір рет болса жасап көру керек деп жиі жазып та, айтып та жатады. Ішкі эмоциясын осы сынды экстримді әрекеттермен шығармаған жан өмірдің қызығын көрмеді дейді. Ал неліктен басыңды қауіп-қатерге тікпей-ақ, өмірдің ләззатын исламнан табуға болатынын тізбектемеске?! Олай болса жүрегін нұрға толтырып, өмірдің тәтті дәмі мен иманның ләззатын сезіну үшін әрбір мұсылман өмірінде бір рет болса да істеуі тиіс дүнеиелердің тізімін ұсынамыз:  

Исламның 5 шартынан бастайық

  1. Кәлима айту
  2. Бес уақыт намаз оқу
  3. Зекет беру
  4. Қажылыққа бару
  5. Рамазан айында ораза ұстау

Әби Абдурахман Абдолла ибн Омардан риуаят етіледі: Пайғамбарымыз ()  «Ислам діні бес негізден тұрады: Алладан басқа тәңір жоқтығына және Мұхаммедтің (с.а.с.) Алла жіберген шынайы елші екендігіне куәлік келтіру, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, (шамасы келсе) қажылыққа бару»( Бұхари, Муслим) деген.

 6. Құран Кәрімді оқып шығу

Пайғамбарымыз (: «Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар. Себебі Құран оқылмаған үйде жақсылық, береке аз болады. Ондай үй-іші әрдайым қиыншылықта болады», – деген хадис шарифте.

7. Құран сүрелерін, ең абзалы Алланың сөзін толықтай жаттап алу. Пайғамбарымыз () Құран аяттарын көп жаттаған адамның жұмақта дәрежесінің аса жоғары болатындығын Абдулла ибн Амр аль-Ась риуаят еткен хадисте айтқан: «Құран иесіне (Құран оқып жаттаған адам) былай делінеді: Оқы және жоғарыла (төрлет), оқы, дүниеде қалай оқыған болсаң дәл солай оқы. Расында, сенің орның ең ақырғы оқылатын аятта» (Термизи, Әбу Дәуіт және Ахмат риуаяты) .   

8. Алла Тағаладан қорыққанынан жылау

9. Жағдайы жоққа қол ұшын беру  

Құран Кәрімде бұл туралы: «Аллаға, Елшісіне иман келтіріңдер. Және сендерді ие қылған нәрселерден тиісті орынға жұмсаңдар. Өйткені, сондай сендерден иман келтіріп, тиісті орынға мал жұмсағандар үшін ірі сыйлық бар, – делінген ( «Хадид» сүресі, 7-аят)

  10. Саған дұшпандық ойлағанды кешіру

Пайғамбарымыз () Меккені алған кезде жасалған дұшпандықтардың бәріне көз жұма қарап: «Бүгін барлығың азатсыңдар, ешкім де жауапқа тартылмайды», – деді. Өзіне қарсы істелген қастандықтың бәріне Пайғамбарымыз «Аллаһым, бұлар менің пайғамбар екенімді білмейді ғой. Егер білсе бұлай жасамас еді. Оларды кешіре гөр»,- деп дұға етті. 

 11.  Тосынсый жасау  

Хадистердің бірінде сүйікті Елшіміз (): «Сыйлық сыйлаңдар, сонда араларыңда сүйіспеншілік, бір-біріңе деген құрметтерің артады», - дегенді айтқан.

 12.Жетімге жәрдемдесу

Имам Мажәһдан жеткен хадисте Алла елшісі ()  :«Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін істегендер Алла жолында жихад қылған әрі түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», – дейді.

13. Мешіт салу

«Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды», – деген Алла елшісі.

14. Мешітке немесе біреуге Құран сыйлау.

 Әбу Һурайра (р.а.): «Адам қайтыс болса, амалы тоқтайды. Тек үш жолмен (сауап) үздіксіз барып тұрады: тоқтаусыз садақа (яғни ел игілігі үшін салған көпірі, мешіті, медресесі, мектебі, ауруханасы т.б.), ел пайдаланатын ілімі, артынан қалған ізгі ұрпағының дұғасы»,–деген хадисті жеткізеді  (Сахих Муслим 3/1255, Термизи 3/660, Әбу Дауд 3/117, Муснад Ахмад 5/269).

15.  Өзгенің күнәсін не кемшілігін жасыра білу

 Әбу Һурайрадан Имам Муслим риуаят еткендей: «Кім дүниеде бір құлдың айыбын жасырса (жапса), Алла да қиямет күні оның айыбын жасырады».

P.S: Бұл тізім мұнымен бітпек емес. Бұл адамның патша көңілін жайландыратын қайырлы істердің бірсыпырасы ғана. Алла Тағала бұл фәниде екі дүниенің де бақытына кенелетін дүниелерді істеуімізді нәсіп еткей! Әмин!

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары