Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымыз (ﷺ) осыдан қатты қорқатын
12 тамыз, 2019 жыл 2767 Басып шығару нұсқасы

«Алла сыртқы кескін-келбет, дене-пішініңізге емес, жүректеріңізге қарайды»

(Хадис)

Екіжүзділік – адам бойындағы ең жағымсыз қасиеттердің бірі. Ең қорқыныштысы екіжүзділік құлшылық кезінде қылаң берсе. Яғни, жүрекпен иман келтірмей, тек сыртқа өзін тақуа етіп көрсету. Бұл адамның өз-өзін ғана емес, Алла Тағаланы мазақ қылғаны. 

Алла елшісінің де қорыққаны осы еді. Имран ибн Хусайн адамзаттың ардақтысының () хадистерінің бірін баяндап былай дейді: «Шын мәнінде сендер үшін қорқатын нәрселерімнің ішіндегі ең қорқыныштысы – сендер кіші ширк жасап қоя ма деп алаңдауым». Сонда адамдар оның не екенін сұрағанда: «Бір істі көзге көріну үшін жасау», — деп жауап берген. Пайғамбарымыз (): «Кішкентай ширктен сақтаныңдар!» – деп ескерте келе, «кіші ширктің» не екенін сұраған сахабаларына, пайғамбарымыз (): «Ол – рия», – деп жауап береді.

Алайда барлық шындық ашылатын күн туады. Сол кезде әркім тиісті жазасын алады. Алла Тағала жүректегіні білуші.

Исламда екіжүзді деп кімді айтамыз? Мұнафықтың белгісі жайлы хадисте былай делінген:

Абдулла бин Амр (р.а.) риуаят етеді Пайғамбарымыз() : «Кімнің бойында төрт белгі болса, нағыз екіжүзді (мұнафық). Ал, осы төртеуінің бірі табылса одан арылмайынша кісіде екіжүзділіктің нышаны болғаны, ол: аманатқа қиянат етеді, сөйлегенде өтірік айтады, сертін бұзады және дауласса арамдыққа барады» 1, – деп екіжүзділіктің белгісін айқындап берген .  

Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз () былай дейді: «Маған мына алты нәрсе үшін кепілдік беріңдер, мен де сендерге жәннатқа кіруге кепілдік берейін:

– Сөйлегенде шындықты айтыңдар;

– Уәделеріңді орындаңдар;

– Аманатқа сенімді болыңдар;

– Ұятты жерлеріңді сақтаңдар;

– Көздеріңді харамға жұмыңдар;

– Қолдарыңды харамнан аулақ ұстаңдар» .

Хадистен ұғынғанымыздай уәде де тұрмау, жалған сөйлеу – екіжүзділіктің белгісі. Ардақты пайғамбарлар мен саңлақ сахабалар мұнафық болып қалудан қатты қорыққан. «Аманатқа қиянат қылған, уәдені орындамаған – имансыз», - деген хадистен байқағанымыздай екіжүзділіктің нышаны болған жерде шынайы иман болмайды.

Ақын Абай да:

«Аллаға ауыз қол емес,

Ынталы жүрек, шын көңіл,

Өзгесі Хаққа жол емес», – десе, Шәкәрім «Тәңірі жолы – ақ жүрек» деп жырлаған. Сондықтан да қандай амал істесек те адал жүрекпен, ақ ниетпен орындауға жазсын.

 

  1. Муслим, Бирр, 33; Ибн Мажа, Зуһд, 9
  2. (Имам Ахмад, Муснәд, 5323)

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары