Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ит жануары жайлы мынаны білесіз бе?!
28 ақпан, 2017 жыл 650 Басып шығару нұсқасы

Имам Муслим «Сахихындағы» хадиске көз жүгіртсек: «Ит жалаған ыдыстарыңды тазалау үшін әуелі оны топырақпен, содан соң сумен алты рет жууларың қажет!» – делінген.

Ол дәуірде бүгін кейбір заттарды тазалау үшін қолданылатын нәрселер болған жоқ. Дезинфекция орнына Алла елшісі топырақты пайдаландырды. Кейінгі ғылыми еңбектер нәтижесінде топырақтың су секілді қызмет атқарғаны белгілі болды. Мұнымен қатар топырақ тетралит пен тетрациклин секілді заттарды да қамтыған. Осы заттар кейбір микробтарды өлтіріп дезинфекциялау үшін пайдаланылған. Пайғамбар топырақпен жууды ескерткенде ыдыстың алдымен стерилизациялануын әмір еткен.

Сондай-ақ хадис шарифте мына мәселелерге назар аударылған. Итте болуы ықтимал кейбір аурулар адам денесінде де өмір сүре алады. Бұл өз алдына бөлек әңгіме. Екіншіден, ит нәжісі адам денсаулығына зиян. Сілекейі де. Белгілі бір уақыттан кейін олардан жұғатын аурулардың алдын алу қиынға соғатындықтан стерилиза- ция өте маңызды. Үшіншіден, алғашқы топырақпен жуу әмірінің на- зар салдырған басқа жағы, топырақтың сол сәтте стери- лизация қызметін атқаруы, бір риуаят бойынша – алты, басқа риуаят бойынша – жеті рет жуылуы керектігі ескертілді.

Айтқандай-ақ, бұл тақырып Германия мен Англияда шыққан бірқатар журналдарда жазылып, Пайғамбарымыздың баянының шындығын растаған.

Сүйікті Пайғамбарымыз иттер мәселесіне өте сақ қараған. Тіпті, бір кездері өз шешімімен өлтіруге де әмір берген. Бірақ, кейін бұл әмірін қайтып алып: «Егер иттер өз алдына жеке әлем болмағанда, өлтіруге әмір беретін едім», – дейді.

Мұның мағынасы: Егер ит әлемдегі адам, хайуан, өсімдік, жансыз заттар т.б. секілді жеке өз бастарына экологиялық тепе-теңдікке қатысты негіздердің бірі және жаратылысының қажеті болмағанда, өлтіруге әмір берер едім. Өйткені ит – микроб ұясы. Осы тұста бір ескере кететін жайт қазақ итті жеті қазынаның біріне кіргізсе де еш уақытты бүгінгі батыстағы тәрізді үйіне кіргізіп, төріне шығармаған. Итті аң аңлау мен мал күзету, үйдің қалдық тамақтарын жегізу мақсатында ғана ұстаған. Ал бұған ислам бойынша рұқсат.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары