Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сыйлық берерде есте сақтаңыз
27 ақпан, 2017 жыл 2168 Басып шығару нұсқасы

Біздің дініміз – бейбітшілік, махаббат пен мейірім діні. Сүйіспеншілікті тарату оның ажырамас бөлігі ал, сыйлық соның құралы. Сыйлықтар тарту ету біздің сүйікті Пайғамбарымыздың  () сүннеті. Хадисте: «Сыйлық сыйлаңдар, сонда араларыңда сүйіспеншілік, бір-біріңе деген құрметтерің артады» - делінген.

Осы сыйлық сыйлауға қатысты әдеп ережелеріне тоқталсақ:

Сыйлық сыйлаудағы шынайы мақсат – өзара қарым-қатынасты бекітіп, сүйіспеншілікті арттыру арқылы Алла разылығына ұмтылу болуы керек.

Сыйлықты көпшіліктің алдында емес, жеке жерде берген абзал. Сіз сыйлық сыйлаған жан ол сыйлықты қашан, қай жерде ашып көремін десе де құқылы.

Сыйлықты алғаннан кейін бірден оны сыйлаған адамның көзінше басқа бір жерге алып тастауға болмайды. Себебі бұл оны ренжітуі мүмкін.

Сыйлық алғанда ысырапқа, артықшылыққа (жағдайыңызды қиындататындай) жол бермеген жөн. Және сараңдық та танытпау қажет.

Егер адам сыйлықты алудан бас тартса сыпайы түрде бас тарту себебін сұраңыз. Және мұны болашақта ескерген абзал.

Сыйлық сыйлаудағы ой – тек шынайы сезім мен сый-құрмет болуы керек. Ал өзге бір мақсатты көздеу – мұсылманға жат.

Қандайда бір пайда алу мақсатында берілген сыйлық - сыйлық емес, пара есепті.

Егер сыйлық сыйлаудағы мақсат – мәңгілік өмірде тыныштық табу болса, бұл да сыйлық болмайды. Бұл садақа есепті.

Сыйлықты өзіңіз сенетін, тақуа, ой-ниеті дұрыс адамдардан қабылдаған абзал.

Адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыратын, ол алуға қиналатын сыйлықтар сыйламаған абзал.

Берген және алған сыйлықты баршаға жариялаудың, мақтанудың қажеті жоқ. Сыйлыққа сыймен, сыйлықпен жауап беру қажет. Сыйлыққа сыйлық қайтарар жағдай болмаса, міндетті түрде алғыс білдіру керек.

Сыйлықтан арзандығы, сапасыздығы немесе аздығы себепті бас тартуға болмайды.

Мақтаншақтық немесе тәкаппарлық себебінен сыйлықтан бас тартуға болмайды.

Сыйлықты алғаннан кейін оның бағасы, көлемі, сапасы жөнінде оны сыйлаған адамнан сұрамаған жөн.

Сыйлықты алғаннан кейін оның иесі оны қалай жаратам десе де құқылы.

Сыйлықты кері қайтарып алуға болмайды.

Харам болып табылатын сыйлықтарды беруге болмайды.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары