Әбу Дәудтің «Сунән» атты хадис жинағындағы бір хадис-шәріпте Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы дұға туралы былай деген: «Кімде-кім таңертең және кешке осы дұғаны оқитын болса, оны Өзіне разы ету Алла Тағалаға тиесілі іс болады (яғни, Алла Тағала оған молынан сауап жазады да, ол Аллаһқа разы болады)». Сондай-ақ, осы дұғаға қатысты Ахмәд ибн Ханбәлдің «Муснәд» атты хадис жинағындағы бір хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: «Кімде-кім азаншының дауысын естіген кезде осы дұғаны оқыса, күнәлары кешіріледі»[1
Оқылуы: Радыйиту билләһи Раббә уә бил-Исләәми диинә уә би Мухаммәдин нәбийә.
Мағынасы: Раббы ретінде Аллаға, дін ретінде Исламға және пайғамбар ретінде Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) разы болдым.
[1] Сунәну Әби Дәууд, Китәбу әл-әдәб 4410; Муснәду Ахмәд ибн Ханбәл, Муснәду әл-ашара әл-мубәшшәра 1482
muslim.kz
Пікірлер