Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Осы кісі үйіңе келіп  қалса...
24 ақпан, 2017 жыл 678 Басып шығару нұсқасы

Қарындасым, ойлап қарашы, сен үйде отырған кезіңде есігіңді біреу қақты. Барып қарасаң пайғамбарымыз ﷺ екен есігіңді тықылдатып тұрған. Қуанып кеттің. пайғамбарымыздың ﷺ өзі маған келіп тұр, менін үйіме келіп тұр деп сенің қуанышыңда шек болмады. Қатты қуандың.... Есікті бірден ашайын деп жатыр едің, ана бөлмеден шығып тұрған музыканың даусы есіңе түсті. Қой, бірден кіріп келсе ұят болар дедің де, жүгіріп барып музыканы өшірдің. Аласұрып жүгіріп келе жаткан кезіңде ана бетіңдегі шимақтарың, бояп тастаған тырнақтарың есіңе түсті. Әлі есік тықылдап тұр. Жүгіріп бардың да оны алып тастайын деп, тырнақтарыңды алып жатсың, бетіңдегі бояуларыңды сүртіп жатсың. Сөйтіп қайтадан есікке жүгірдің. Ал сосын журналдарың есіңе түсті де, оларды жинап, жасырып қояйын деп жүрсің. Сөйтіп барлығын дұрыстап келіп есікті ашсаң, пайғамбарың ﷺ кетіп қалыпты.....

Сенің қазіргі жағдайың пайғамбарымыз ﷺ келіп қалса оны бірден қабылдап алуға дайынсың ба? Кез келгеніміз үйімізде болсын жұмысымызда болсын, тіпті Құдайдан қорқатын жай намазхан досыңыз "берші, телефоныңды көрейін" десе соны ұялмай бере алатын деңгейдеміз бе?

           
Ұстаз Ерсін Әміре әбу Юсуфтың "Пайғамбарға ﷺ деген махаббат" уағызынан үзінді

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары