Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Некені  осы 4 нәрсеге мән бер
23 ақпан, 2017 жыл 1648 Басып шығару нұсқасы

1. Түсіністік. Бірде бір данагөй егер некені бір сөзбен ғана суретте десе, түсіністік дер едім деген екен. Түсіністікті ту еткен қарым-қатынас қашан да берік қамалдай болмақ. Оны оңайшылықпен бұза аламайсың. Отбасындағы түрлі ойрандар да екі жақтың түсінісе алмауынан болып жатады. Сіздің ойыңыз қашан да дұрыс бола бермеуі мүмкін. Осыны естен шығармаған дұрыс. Және де жанұя ол – мен дұрыс сен бұрыс деп бәскелесіп, дәлелдеп жататын жер емес. Маңыздысы екі жақ пікірлерімен келісе білу, бір-біріне құлақ асу.

2. Есейетін кез. Әрбір отбасында қуанышты күндермен бірге жайсыздықтар да қатар жүреді. Осындай сәттерде ерлі-зайыптылар мәселені ушықтырмаған абзал. Ешкім де мінсіз болмайды. Кішріксіз болу Пайғамбарымызға (ﷺ)   ғана тән. Сондықтан да жартыңыздың жағымсыз қылығын байқаған жағдайда, өз кемшіліктеріңізді де ұмытпаңыз. Болмашы нәрседен бүлік шығарамын деп, бақытты отбасылардың қатарынан қалып қоймайық.

3. Кешірім. Ер адам да, әйелдер жағы да қателікке ұрынуы мүмкін. Жұбайлардың бір-бірінің жүрегіне қаяу түсіретін жәйттер де көп кездесетін жағдай. Бірақ ол көңіл суып кетті, жақсы көрмейді деген сөз емес. Қателікке бой алдырған кездерде де алғшқы қадам ол – кешірім.

4. Әңгімелесе білу. Жұбайлардың арасында көп кездесетін шағымдардың бірі ол ортақ әңгіменің болмауы. Яғни, бір шаңырақ астында тұрғаны болмаса, бір-бірімен ашылып сөйлеспейтін отбасылар да бар. Шүйіркелесуге қарбалас тіршілік мұрша бермейді деп сылтауратпай, арасында ішкі сырларыңызбен бөлісіп тұрғаныңыз да дұрыс.

P/s: Әлбетте, құндылығы жоғары некені осы 4 фактормен ғана өлшеуге болмайды. Ақ некенің абыройын сақтау үшін бұдан да көп нәрселер бар. Тек осы бір маңызды тұстарын да естен шығармаған жөн. Ал отбасы өмірлік сабақтармен кемелдене түспек. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары