Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Хадистің айқын түсінігі
14 қаңтар, 2014 жыл 179 Басып шығару нұсқасы

عَن ابى هريرة رضي الله عَنه عن النَّبى صلى الله عليه و سلَّم قال يَنزلُ رَبّنا كلّ ليلة الى سماء الدُنيا حين يَبقى ثلث الليل الأخير يَقُول مَن يَدعونى فأستجيب لهХадистің айқын түсінігі



Имам аль-Буһари және Муслим «сахихтар» жинағында Абу Һурайрадан (р.а.) риуаят етеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Раббымыз әр түннің соңғы үштен бір бөлігі қалғанда, дүние аспанына рахым, кешірім етеді де, кім маған дуға етеді мен оның дұғасын қабыл етемін» - дейді. Бұл хадисті жиырмаға тарта сахабалар риуаят еткен. Олар өз тілдерінде баяндалған дін сусындарын жарқын түсінді. Өйткені, араб тілінің бір сөзі терең ұғымдағы бірнеше мағыналарды қамти алған - бай тіл. Бірақ та заман өте келе қалың жұрттан араб тілінің маңыздылығын түсіну алыстауына қарап, кейбір бағыттағы дін бұзарлар сүйікті пайғамбарымыздың үмметінің түсінігіне бағытталған өнегелі хадистерін Аллаға бағыттап, Алланы бейнелеуге тырысуда. Біз бұдан алдында Ұлы да Ұлық болған Алла Тағалаға бейнеленуден, ағзаланудан, қозғалу, бір жерден басқа жерге ауысу, және өзге жаратылыс секілді Оның өзгеріске түсуі тым мүмкін емес екендігін кескінді дәлелдер келтірген болатынбыз. Соған байланысты жоғарыда аталған хадистің мағанасын баяндауда ғұламалар екі көзқарас танытты.


Бірі: «түсу» сөзін қамтитын мағыналарға үңіліп, қай мағанасы Алла Тағаланың ұлықтылығына сай болса сол мағынамен түсіну. Мысалы, адам қатты ашу ызада қатаңдық танытып жатса оған ашуыңды бас деп айтады. Бұл орайда оған айтылған сөздің мәнісі «кешірім етер рахымдылық етсеңші» - деген мағына. Яғни «түсу - рахым ету және кешірім ету» міне бұл мағыналар Алланың ұлықтылығына лайықты. Әрі Алла Тағала Рақымды және Кешірімді. Алла Тағала Құран кәрімде кейбір мағыналарды «түсу» сөздерімен келтірді. ( وَ انزَل لَكم مِن الأنعام ثمانية أزواج - және сендер үшін малдардан сегіз түрлі пайда қылды.) Алланың елшісі түннің соңғы бөлігін тиістеп айтуы бұл уақытта пенде Раббысына құлшылық жасап дұға тілеуі нәпсіге ауыр. Сол себепті де Алла Тағала бұл уақытта «нәпсісін жеңіп Алла үшін құлшылық жасаған пендесіне рахым, кешірім етіп дұғасын қабыл етеді» - деген мағына.


Екіншісі: Алла Тағаланы өзіне лайық болмаған жәйттерден пәктеп, Хадиске сакит жасау (тоқтам жасау). Бірақта сакит жасағандарға тиіс болған жәйт. Алла Тағаланы қозғалу, бір жерден басқа жерге ауысу, өзгеру секілді жаратылыстың сипаттарынан пәктеу. Өйткені, бір орыннан өзге екінші орынға ауысушы үш түрлі денеге мұқтаж болады. Бірінші, жоғарғы орынға лайықталған дене. Екінші, төменгі орынға лайықталған дене. Үшінші, жоғарғы орыннан төменгі орынға ауысу кезеңіндегі өзгеруші денеге. Бұл жағдайлардың барлығы да Ұлы да Ұлық болған Алла Тағалаға лайық жәйттер емес.


Абу Хамит: «Алла аршысында өз затымен орныққан, және Ол өзі орныққан жерінен түседі және ауысады» - деген сөздерді келтіреді. Шындығында бұл кісі Алла Тағаланың ұлықтығына не нәрсенің лайықты және не нәрсенің лайықты емес екенін түсінбеген жан. Қоди Абу Яаьла: «Түсу» деген Аллатың затындағы сипат. Бұны «ауысу» деп айтпаймыз деуі оның қателігі. Осы секілділердің бірі (егер түссе ол қимылдайды) деген сөздер келтірген. Бұлар қозғалу махлухаттардың сипаты. Алла Тағалағаның ұлық сипаты, махлухаттардың сипатымен бейнеленбейтігін білмейді. Кейбірі бұл сөздерді имам Ахмадтан келген деп жеткізеді. Бұл имам Ахмадқа айтылған жала. Түсу Алланың затындағы сипат болса, бұл сипаты әр түні жаңарып тұрған болатын еді. Ал Алла Тағала жаңару, өзгеру, секілді жәйттерге мұқтаж емес. Ұлы да Ұлық болған Алланың заты ежелден болғаны секілді сипаттары да ежелден.


Шындығында бұл атқан таңда кейбір исламға иланушылар білімсіз жандардан жаңалық күтумен болады. Ал білімсіздер болса, қазақ жұртына дін жаңа кірді деп Құран аяттары мен Алла елшісінің хадистерін «Алла затымен» деген сөздерді қолданумен дінді жаңартамыз деп ойлайды. Міне осы орайда бізге атақты Ибн Уқойлдің Құран кәрімдегі « قل الروح من أمر ربىАйт, рух Алланың ісінен» егер Һақ Тағала пендеге жаратылған жәйттің болмысын сұраудан тыйса, жаратушының болмысын сұрау тыйым екенін білу хақтырақ - дейді де мынандай өлең шумағын келтіреді:


كَيفية النفس ليس المرء يُدركها فَكيف كَيفية الجبار فى القدم


Пенде өз рухының болмысына жете алмайды –


Қалайша ежелден болған Жаббардың болмысын қамтымақ.



Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы:

Тағаев Нұрбол Сайлауұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары