Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚАРЫЗЫҢНАН ҚҰТҚАРАТЫН ДҰҒА ҮЙРЕТЕЙІН БЕ?
22 ақпан, 2017 жыл 12295 Басып шығару нұсқасы

Белгілі сахаба Әбу Саид әл-Худри (р.а.) аталмыш дұғаға қатысты мына бір оқиғаны әңгімелеген: 
Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) намаздан тыс уақытта мешітке кіргенінде ансарлық Әбу Үмәмә атты бір кісінің отырғанын көріп: «Әй, Әбу Үмәмә! Намаздан тыс уақытта мешітте не істеп отырсың?», − деп сұрайды. Ол: «Уа, Алланың елшісі! Қарызға белшеден батып, қатты қиналып отырмын», − деп жауап берді. Сонда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Саған оқығаныңда уайым-қайғыңды сейілтіп, қарыздарыңнан Алланың Өзі құтқаратын бір дұға үйретейін бе?» − дегенде, Әбу Үмәмә (р.а.): «Әлбетте, уа, Алланың елшісі!», − дейді. Сонда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған осы дұғаны үйретіп: «Бұл дұғаны таңертең және кешке үзбей оқып тұрғын», − дейді. Кейіннен Әбу Үмәмә: «Мен Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұйырғанын бұлжытпай орындап жүрдім. Соңында Аллаһ тағала менің барлық уайымқайғымды сейілтіп, қарыздарымнан да толық құтылдым», − деген болатын[1]. 

Оқылуы: Аллаһуммә йнни ә‘уузу бикә минәл-һәмми уәл-хазәни уәл-‘ажзи уәл-кәсәли уәл-жубни уәл-бухли уә дал‘йд-дәйни уә ғаләбәтиррижәәли. 

Мағынасы: Уа, Аллаһым, мені уайым жеуден, қайғы-қасіреттен, дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызға белшеден батудан және адамдардың зорлық-зомбылығынан сақтай гөр! 

[1] Сунәну Әбу Дәууд, Китәбу ас-саләәт 1330

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары