روى البخارى ومسلم في الصحيحين من حديث أبى هريرة رضى الله عنه قال:قال رسول الله صلى الله عليه و سلم-"خلق الله تعالى آدم عليه الصلاة والسلام على صورته
"Имам Бухари және Муслим «сахихтер» жинағында Абу Һурайрадан риуаят еткен хадисте айтады: «Алланың елшісі (с.ғ.с.) айтты:- Алла Тағала Адам (ғ.с.) суретінде жаратты»
Бұл хадисті баяндауда Ғұламалар екі көз қараста болды. Бірі түсіндірмеде тоқтау жасады. Келесі біреулері хадистің түсіндірмесін баяндады. Сонымен хадисті шарықтауда Ғұламалар үш түрлі көз қарас танытты: (Ғұламалар үш түрлі көз қарас танытуының себебі, хадисте айтылған «суретінде» дегендегі, кімнің суретінде екенін баяндаудан туындаған.)
Бірінші топтағылардың көз қарасы бойынша: « الها » Әріпі Адам (ғ.с.) ұрпағының кейбіреуіне қайтады деді. Яғни, Алла Тағала Адам (ғ.с.) адам баласының кейбірінің көрінісіне ұқсатып жаратты деді. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір адамды ұрып жатқан кісінің жанынан өтіп бара жатып, ол кісінің:- «Алла сенің түріңді, әрі сенің түріңе ұқсайтындардың бетін жаман етсін» деген сөзін есітіп былай дейді «Егер сіздердің біреулеріңіз кісіні ұрса, жүзінен сақтансын (бетінен ұрмасын) Өйткені Алла Тағала Адам ғәлейхи сәләмді суретінде жаратты» бұл хадисте Алла елшісінің Адам (ғ.с.) тиістеп айтуының себебі. Ол адам бейнесінің ең алғашқысы. Мұхаммед (с.ғ.с.) тыйған жайында кеңінен жеткізу мақсатында былай дегендей: - (сен Адам ғәлейхи сәләмның ұрпағы бола тұра оны балағаттайсынба!) Муслим «сахихтер» жинағында Абу Һурайрадан риуаят еткен хадисте «Алла елшісі (с.ғ.с.) Айтты:- «Егер сіздердің біреулеріңіз кісіні ұрса, жүзінен тыйылсын (бетінен ұрмасын) Өйткені Алла Тағала Адам ғәлейхи сәләмді суретінде жаратты»
Бұл орында Алла Тағаланың суретінде деу өте тым қателік, әрі Алла Тағаланы адамға ұқсату болып табылады. Алла Тағала өзінің жаратқан мақлуқаттарына ұқсауы Құранға қайшы келушілерден болады.
Имам Фаһруддин Ар-Рози бұл хабарды тауилдеуінде былай дейді:- Бұл хадистегі мақсат, Адам (ғ.с.) бейнесі басқа болған (денесі өте үлкен, бойы ұзын, тіптен бойының ұзындығы аспанға жететін болған деген сөздің дұрыс емес екендігін баяндап, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) белгілі бір кісіні сілтемелеп «Алла Тағала Адам (ғ.с.) бейнесінде жаратты» - яғни Адам (ғ.с.) бейнесі мына кісінің бейнесі секілді, ешқандай дене тұрғысында өзгеріс болмаған.
Екінші көзқарастағылар;
Бұл хадистегі бейне деген Алла Тағаланың бейнесі деу дұрыс емес. Өйткені Алла Тағала бейнелі делінбейді. Бұған кескінді дәлел бар. Алла тағала Құран карімде « ليس كَمثله شيء - Ол секілді ештеңе жоқ» Алла Тағала басқа бейнелер секілді емес. Осы тұрғы анық болғандықтан, хадисте айтылған бейне « الهاء » Адам (ғ.с.) өзіне қайтады. Яғни; Алла Тағала Адам (ғ.с.) Адамдық толық бейнесінде жаратты деді. Бұл Аби Сүлеймен Хаттобидың ұстанымы. Имам Фаһруддин Ар-Рози осы көз қарасты былай баяндайды:- Алла Тағала Адамның ісін құрметті еттіп, сондай оған періштелерді сәжде қылдырды. Кейін Адам (ғ.с.) жәннаттағы тидырылған жемісті жегенде, Алла Тағала Адамды басқаны азаптағандай оны азаптамады. Хабарларда келгені, Алла Тағалада жәннаттан Адам (ғ.с.) және (хайя және тоусты) шығарады. Бірақта Алла (хайя және тоусты) бейнесін өзгертіп Адам (ғ.с.) бейнесін өзгертпеген. Оны сол алғашқы құрметті бейнесінде қалдырды және оны өзгеру қиыншылығынан сақтады. Имам Байһақи осы көз қараста болды.
Үшінші көзқарастағылар;
"الهاء" Әріпі Алла Тағалаға қайтады. Яғни Алла Тағала Адам (ғ.с.) өзінің сипатына қарай жаратты" Тірі, Ілімді, Есту, Көру Қалаушы" секілді. Және осындай сипаттармен Алла Тағала адамды өзгелерден ерекшеледі. Алла Тағаланың сипаттары жаратылған мақлұқтардың сипаттары сияқты емес. Ал мақлұқтардың сипаттары жаратылған әрі шектеулі, бойынан мұқтаждылық арылмаған. Бұл хадисте «идофалық» құрмет тұрғысынан. Немесе Алла Тағала Адамды бұрын соңды болмаған бейнеде жаратты. Бұл Адам (ғ.с.) жаратылмай жатып басқа мақлұқ болған Алла Тағала адамды сол мақлұққа ұқсатып жаратқан деген өтірік сөзге тосқауыл болады.
Абу Мухаммад бин Қутайба осы хадис жайында өте сорақы пікір баяндаған «Алла Тағаланың суреті бар басқа суреттер секілді емес, және адамды сол суретте жаратты» -дейді. Бұл тым қате әрі асыл дінімізге өтірік ілестіру. Өйткені оның айтқанынан адамның бейнесі Алланың бейнесі секілді деген ұғым туады. Алладан бұндай ойларға түсуден пана тілейміз. Және Қоди (Абу Яаьла) «Алла Тағаланы сурет деуге болады оның заты дегеніміз секілді» -дейді. Әрине бұл сөз оның көптеген қателіктерінің бірі.
Діннің негізгі, әрі бастапқы ілімін алмай тұрып, Құран хадисті өз бетімше түсінемін деу, пенде өз ойында, менің түсінігім дұрыс деген бағытпен сорақы қателікке жол салдырады. Соның аясында өзі туралық таппай тұрып, өзгелерді ашық күмәнға итермелейді. Ал бұл қасиетті Құран, сонымен қатар сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі хадистерін, ілімі шала болған жандар оқып пәтуә (үкім) алалмайды. Бәлкім шариғаттың бұлағыннан сусынданған, Алла Тағаланың соңғы елшісінен тәлім алған сахабалардан, олардан тәлім алған табиғиндерден, осылардан ілім алған ғұламалардан үзілмей келе жатқан ғалымдар бізге Қасиетті Құран кәрімді, Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерін баяндап береді. Өйткені ақырдың пайғамбарынан қалған бұл мұра ғұламалардың еншісінде. Пайғамбар хадисінде: «العُلماء ورثة الانبياء – ғұламалар пайғамбарлар мерасқоры»-делінген. Алла Тағала Құран Кәрімде осындай ғұламалар жайында былай дейді (انَّما يخش الله من عباده العلماء – әлбетте Алладан шынайы қорқушылар ғұламалар) Біз дін ілімін алғанда Алладан шынайы қорқатын, пайғамбарлар мирасқоры болған ғұламалардан алуымыз керек. Өйткені Алладан қорыққан, дінді баяндауда абай болады. Ал өзінде ілімге деген құштарлық жоқ, жүрегіндегі қалауы Алла разылығы емес фитна болғандар. Ұлы да, Ұлық болған Алла Тағаладан қорықпай, ілімі толықтаспай-ақ, Алланың дінін баяндауда ойынан сөйлейді. Ата-бабаларымыздың ұлағатты сөзінде «Құдайдан қорықпағаннан қорық» -делінген.
Қарағанды облыс орталық мешітінің ұстазы Тағаев Нұрбол Сайлауұлы.
Пікірлер