Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Араб цифрлары
14 қазан, 2015 жыл 1555 Басып шығару нұсқасы

image1


Араб цифрлары алғаш рет григориан күнтізбесі бойынша 771 жылы (Хижра бойынша 154 ж.), мұсылман делегациясы абасид халифы Эл-Мансұрға келген кезде аталады. Сол елдімекенде Сид Анта есімді үнді астрономы өмір сүрген. Сид Анта өзімен бірге математика және астрономия бойынша белгілі екі кітапты ала келген. Бұл кітаптардың авторы Брахма Джубта оларды 628 жылы (Хижра бойынша 6 ж.) жазған. Ол уақытта Үндістанда бірден тоғызға дейінгі тоғыз цифрды қолданған.


Эл-Мансұр арабтарға планеталардың қозғалысын түсіндіретін жаңа кітап жазу үшін осы кітаптарды араб тіліне аударуды бұйырады. Бұл кітаптарды Мұхаммед ибн Ибраhим Әл-Фазарий аударып, «Үлкен Синд Хинд» атты жаңа кітап жазып шығады. «Синд хинд» үнді тілінен аударғанда – «ежелгі» деген мағынаны білдіреді. Осыдан кейін бұл кітап халиф Мамумның дәуіріне дейін қолданылмаған.


Хижраның 198 ж. яғни 813 ж. Әл-Хаоризмий үнді цифрларын қолданады. Ал Хижраның 210 ж. яғни 825 ж. «Әл-Хаоризмий де немиро индорун» аталатын латын тіліндегі мақаласын жариялайды, бұл «Үнді цифрларындағы алгоритмдер» дегенді білдіреді. Осыдан кейін «алгоритм» сөзі орта ғасырларда Еуропада есептеудің ондық жүйесіне негізделген математикалық әдіс мәніне ие болды. Сондай-ақ бұл цифрлар «Хаоризмикалық цифрлар» атауымен де белгілі. Осы кітаптың арқасында мұсылмандар үнді математикасын түсініп, цифрлар жүйесін пайдаланды. Бұған дейін арабтар «Математика Абджад» аталған әріптер немесе сөздер математикасын қолданған.image2


Араб әліпбиінің әр әрпінің сандық мәні бар. Басында – 1-ден 9-ға дейін, содан кейін ондықтар, содан кейін жүздіктер мен мыңдықтар орналасады, яғни араб әріптері – бұл бірден мыңға дейінгі мәндер.


Үндістер цифрларды әр түрлі жазатын. Арабтар солардың арасынан белгілі бір шоғырын таңдап алады. Оларды қайта құрып, нақты формалар береді. Қазіргі уақытта да олар үнді цифрлары аталады. Бұл цифрларды араб мемлекеттерінің шығыс бөлігінде, әсіресе Бағдатта қолданды. Бірқатар уақыттан кейін Шам, Египет аумағында қолдана бастады. Әл-Хаоризмий қазіргі уақытта араб цифрлары деген атаумен белгілі цифрлар тобын құрды. Бірақ бұл цифрлар жоғарыда аталған аумақтарда тараған жоқ, Индонезияда, араб мемлекеттерінің батыс бөлініде, солтүстік Африкада қолданылды. Осы аумақтардан Еуропаға дейін жетті. Осыдан кейін барлық жерге тарады. Шығыстық тәсіл – бұл Бағдатта қолданылған, қазір үнді цифрлары деп аталады. Ал араб цифрлары Батысты қолдынылды.


Араб цифрлары «губбария» деген атаумен де белгілі. Бұл атау араб тіліндегі «губар» сөзінен шыққан, аударғанда «шаң» дегенді білдіреді. Адамдар саусақтарымен, басқа да заттармен шаң тұнған қабаттарға немесе құмға жазып, өшіріп отырған. Әл -Хаоризмий цифрлардағы бұрыштар саны оның сандық мәніне сай келетіндей құрған. «Бір» цифрында бір бұрыш, «екі» цифрында екі бұрыш, «үш» цифрында үш бұрыш бар. Солай жалғасып кете береді. Бұл цифрлардың үлгісі бастапқыда «габбария» үлгісіне сәйкес болды. Кейін бұл цифрлар қазір біз қолданып жүрген формаға түскен.image3


«Нөл» цифрын мұсылмандар қосқан. «Цифр» атауы арабтың «сыфр» сөзінен алынса, «нөл» атауы латынның nullus (ешқандай) сөзінен алынған. Нөл цифры бұрышсыз, домалақ формада берілген. Яғни бұрышының болмауы сандық мәнінің жоқтығын білдіреді.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары