Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сыйға берілетін ерекше 10 түрлі жүзік
20 ақпан, 2017 жыл 331 Басып шығару нұсқасы

Ғамир ибн Рабиға (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Кімде-кім Маған (с.ғ.с.) қанша салауат айтса, ол адамның салауаты аз болсын көп болсын, оған Періштелер сондай салауат айтады,» дегенін естідім.
Ниса сүресінің 69-аяты Саубанның (р.а.) себебінен түскен деп Анас ибн Малик (р.а.) жеткізген. Саубанның (р.а.) Пайғабарымызға (с.ғ.с.) деген махаббаты үлкен болғандығы соншалық, Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) біраз уақыт көрмесе сабырлығынан айырылып жүдеп кететін болған. Бір күні Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келгенде, түрін көрген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қорқып кетіп: Ей, Саубан (р.а.) қалың қалай?-деп сұрайды. Сонда Саубан (р.а.): Я, Расулла (с.ғ.с.) мен еш жерім ауырмайды қалым жақсы, бірақ Сізді (с.ғ.с.) біраз уақыт көрмесем осындай боламын, мен қияметті еске алып отырып, қияметте Сізді (с.ғ.с.) көрмей қаламын ба? — деп қорқамын, себебі Сіз (с.ғ.с.) жәннатта Пайғамбарлармен (ғ.с.) бірге боласыз ғой. Мен жәннатқа кірсем де, Сізді (с.ғ.с.) көрмеймін, ал тозаққа кетсем Сізді (с.ғ.с.) мүлдем көрмей кетемін, сонда менің қалым не болмақ дегенде осы аят түскен. «Кімде-кім Аллаға және Пайғамбарына (с.ғ.с.) бойұсынса, міне солар Алла Тағала нығметіне бөлеген Пайғамбарлармен (ғ.с.) Сыддықтармен, шаһидтермен және ізгі амал қылған құлдарымен бірге болады, олар қандай жақсы достар».
Айша (р.а.) анамыздан жеткен хадисте: «Егерде кім Алла Тағаланы және Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) жақсы көріп еске алса, Алла Тағала оны жәннатқа Пайғамбарлармен (ғ.с.) және сүйген құлдарымен бірге кіргізіп, күнәларын кешіріп, өзі дидарын көрсетеді. Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) сұқбаттастырып шапағатына лайық қылады».
Анас ибн Маликтен (р.а.) жеткен хадисте: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім Менің (с.ғ.с.) сүннетімді жақсы көрсе, Мені (с.ғ.с.) жақсы көргені, Мені (с.ғ.с.) жақсы көрген адам, Менімен (с.ғ.с.) жәннатта бірге болады». Енді кім Пайғамбарды (с.ғ.с.) көргісі келсе, шынайы Пайғамбарға (с.ғ.с.) махаббаты болу керек, енді сол махаббаттың белгісі бойұсыну, және көп салауат айту, себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Бір нәрсені жақсы көрген адам, оны көп еске алады» деген.
Ғұмар ибн Маррадан (р.а.) жеткен хадисте: Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Қузаға руының бір кісісі келіп, я Расулла (с.ғ.с.) маған айтыңызшы егер де мен Алланы бір деп, Сізді Пайғамбар (с.ғ.с.) деп мойындап, 5 уақыт намазымды өтеп, Рамазанда оразамды ұстап, зекетімді беріп жүрсем мен қайда барамын дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Егерде кім осыларды атқарып жүріп, ата-анасын сыйлап көзін жұмса, ол пейіште Пайғамбарлармен, Сыддықтармен және шаһидтермен бірге болады деп екі бармағының арасың қосты, ата-анасын сыйламаса, Алланың рахматынан аулақ болады» деді.
Айша анамыздың (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) риуаят еткен хадисінде, қиямет күні Алла Тағала мұсылмандарды жәннатқа кіргізерден бұрын оларға періште жібереді, қолында жәннаттың көйлектерімен басқа сыйлықтары бар. Мұсылмандар пейішке кіріп бара жатқанда оларды тоқтатып. сендерге Алланың сыйлықтары бар тоқтандар дегенде, мұсылмандар ол не сыйлық деп сұрайды. Сонда Періште оларға 10 жүзік береді, әр жүзікте сөздер жазылған. Бірінші жүзікте
1. Алланың сендерге сәлемі болсын бақытқа кенелдіндер мәңгілік жайларына кіріңдер;
2. Еш қорқынышсыз кіріңдер;
3. Сендерден қайғымен қорқынышты алдым;
4. Жібектен киімдер кигіземін;
5. Хор қыздарына үйлендіремін;
6. Бүгін олардың сабырлық қылғандары үшін жазаларын берем, олар шындығында жеңіске жеткендер;
7. Жас қылдым енді қартаймайсыңдар;
8. Енді еш қорқыныш көрмейсіңдер;
9. Достарын Пайғамбарлармен, сыддықтармен, ізгі амал қылған сүйген құлдарым;
10. Ұлық аршы иесі Алланың көршісі болдындар;

Жәннатқа кірген мұсылмандар: «Аллаға мадақ біздің қайғымызды кетірген, шыныңда Раббымыз кешірімді, шүкіршілігімізді қабыл алушы» дейді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары