Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Осы онның біреуін орындамасақ, жәннатқа кіре алмаймыз...
20 ақпан, 2017 жыл 601 Басып шығару нұсқасы

1. Маңызды міндет. «Раббың,  Өзіне  ғана құлшылық етулеріңді және ата-анаға жақсылық  жасауларыңды  парыз етті», - деген. («Исра» сүресі, 23-аят)

2. Амалдардың қайырлысы. «Ең құнды амал – уақытында оқылған намаз, ата-анаға жақсылық жасау».

3. Ата-анаға қызмет ету. Алла елшісі бірде сахабалармен Алла жолында соғысқа аттанып бара жатады. Оған бір жігіт келіп, өзінің де барғысы келгенін айтқанда, Расулалла: «Ата-анаң тірі ме?», -деп сұрайды, «Иә» деген жауабын естігенде, «Сенің жиғадың ата-анаңа қызмет еткенің» деген. (әл-Бұхари)

4. Разылығын алу. «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында, Алланың ашуы – ата-ананың ашуында».

5. Мейіріміділік таныту. «Ата-ананың жүзіне мейіріммен қарау – ғибадат.» деп білдірген. (Әбу Нуайм)

6. Құрмет көрсету. Ата-анаға құрмет бақытсыз адамды бақытты қылады. Өмір жасын ұзартады және оны жаман өлімнен сақтайды.» (Әбу Нуайм)

7. Зекіп, дауыс көтермеу. «Раббың тек Өзіне ғана ғибадат етулеріңді және әке-шешелеріңе жақсылық етулеріңді әмір етті. Егер олардың бірі немесе екеуі де жаныңда қартайса оларға «уф» деуші болма, ауыр сөз айтпа, оларға сыпайы және жылы сөйле, оларға жанашыр бол, қарапайым бол. Ол екеуіне мейірімділік құшағыныңды жай да: “Йа Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымнан тәрбиелеп жетілдіргеніндей, сен де оларды рахымдылығыңа бөле!” деп дұға ет!». (Исра, 23, 24).

8. Құлақ асу. «Кімде-кім Алла Тағаланы ата-анасының екеуіне де құлақ асқандығымен қуантса, жәннаттың екі есігі ашылады. Кім Аллаға мойынсынбай, ата-анасын тыңдамаса, тозақтыңң екі есігі ашық ».  «Ата-анасына қарсы шыққан бала, қайтыс болғаннан кейін олар үшін дұға етсе, Аллаһу та’ала оны ата-анасына мойынсұнғандардың қатарына жазады.» (Ибни Әбиддунийа).

9. Асырап, бағу. «Бір жігіт Пайғамбарымызға арызбен келіпті: “Әкем қартайып, жайсыз болып кетті. Ақылдан азды ма деп қорқамын. Үйіме келіп, қолына не ілінсе, соны алып кете береді”, - дейді. Расулалла (с.ғ.с.) оның әкесін шақыртты. Құзырына келген, қарияның үсті-басы тозған, бейшара күйге түскен: “Ұлыңның сөздері дұрыс па?”, - деп сұрады. Ол : “Иә, дұрыс. Мен ұлымды өсірдім, бақтым, қақтым, жақсы азамат болсын деп жалғыз өзім анасыз тәрбиеледім. Анасы мезгілсіз ерте дүние салды. Өзім жемесем де ұлыма жедірдім, өзім кимесем де ұлыма кидірдім. Қартайған шағымда қарайды, бағады ғой деген үміт бар еді. Бірақ, ұлым анасыз өскенге ме, білмеймін мейір-шапағаты жоқ. Менен хабар алмайды. Өз күнімді өзім амалдап көріп жүрмін. Ұлымның үйіне бара қалсам, қолыма ілінген затты алып кетемін. Ол затты сатамын да, ақшасына тамақ алып жеймін. О, Алланың елшісі, Расулалла! Бұл ісім дұрыс па, дұрыс емес пе, білмеймін», - деп көз жасын төгіп-төгіп жылап алады. Әкенің бұл сөздерін есітіп тұрған Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммедтің  (с.ғ.с.) ашу-ызадан беті қызарып кетті. Ұлының желкесінен мықтап ұстап тұрып: “Істеп тапқан нәрселерің, сатып алған заттарың, тіпті сенің  өзің де әкеңнің мүлкісің. Егер тапқан табысың әкеңді бағуға жетпесе, әкең сенің өзіңді сатып жіберуге ақысы бар. Сен, тапқан табысым, өзімнің ғана мүлкім, әкемнің оған қатысы жоқ дегенді ойыңа да алма! Барлығына әкең ие!”, - деп қоя берді.

10. Қарым-қатынасты үзбеу. «Аллаһтан қорқыңдар, туыстық байланысты үзуден сақтаныңдар. Күдіксіз, Аллаһ сендерді бақылап тұрушы» деп бұйырады («Ниса» сүресі, 1-аят).

«Ата-анасына қарсы шыққан бала жаннатқа кірмейді.» (Нәсаи)

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары