Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бір минут ішінде
29 маусым, 2020 жыл 927 Басып шығару нұсқасы

-Фатиха сүресiн 5 мәрте қайталап оқи аласың әрi осы үшiн саған 7000 жақсылық жазылады.
-Ықылас сүресiн 15 мәрте оқи аласың. Яғни, Құранды бес рет оқып шыққандай сауап аласың.
-«Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул мулку уә ләһул хамд, уә һуа ъала кулли шайин қадир» дұғасын 20 мәрте қайталай аласың. Яғни Аллаһ жолында Исмаилдың сегiз ұлын босатқандай боласың.
-«Субханаллаһи уа бихамдиһ» дұғасын 100 мәрте айт аласың әрi күнделiктi күнәларың кешiрiледi.
-«Лә хаулә уа лә қууата иллә билләһ» дұғасын 40-тан аса қайталай аласың. Ал бұл жаннаттың байлықтарының бiрi.
-«Астағфируллаһ» деп 100 мәрте айта аласың. Яғни Аллаһтан күнәларының кешiрiлуiн сұрау. Истиғфар айту – күнәлардың кешiрiлуiне, жәннатқа кiруге, қуатты болуға, бәленiң алдын алуға, өмiрiңнiң жақсаруына, жаңбырдың жаууына, бала-шаға мен дүниенiң көбеюiне себепкер болады.
-20 мәрте Пайғамбарымызға с.а.с. салауат айтуға болады.
Бұның сауабы ретiнде Аллаһ сiзге 200 есе қылып қайтарады.
-«Субханаллаһи уа бихамдиһ, Субханаллаһил ъазим» дұғасын 50 мәрте айтуға болады. Бұл дұға тiлге жеңiл арғы дұниеде таразыда ауыр болады.
-Бир минут iшiнде «Лә иләһә иллаллаһ» деп 50 мәрте айтуға болады. Ал бұл сөздердiң ең ұлысы.
-«Субханналлаһи, уалхамду Лиллаһи уә лә иләһә иллаллаһу уаллаһу акбар» дұғасын 25 мәрте айтуға болады. Бұл дұға Аллаһ субханаһу уа таъаланың сүйiктi сөздерiнен.
-Бiр минут iшiнде екi қолыңды көтерiп Аллаһқа дұға ете аласың.

Аллаһ дұғаларымызды қабыл етіп, тура жолынан адастырмасын.

Араб тілінен аударған Ұ.Алиакбарұлы.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары