Әл-Хасаннан (р.а) риуаят етілген: «Бірде Пайғамбарға (с.ғ.с) бір кемпір келіп: «Уа,Расулалла! Алладан мені жәннатқа кіргізуін сұрашы», - деді. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с): «Уа,Пәленнің анасы! Расында жәннатқа кемпір кірмейді», - деді. Сонда әлгі кемпір жылап ала жөнелді.
Сонда Пайғамбар (с.ғ.с): «Оны тоқтатыңдар, ол жәннатқа кемпір болып кірмейді, расында Алла Тағала: «Шындығында Біз оларды қайта жараттық. Пәк қыздар қылдық. Бір жастағы құрдастар қылдық», - деген», -деді. (Термези, әш-Шәмәил бабында).
Пікірлер