Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сират көпірі туралы не білеміз?
17 ақпан, 2017 жыл 1388 Басып шығару нұсқасы

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Бүкіл әлемнің Раббы Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, отбасына және оның жолымен жүрген бүкіл үмметіне Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Сират көпірі туралы білесіз бе? Біздің әлемдегі кереметтілігі мен биіктігі бір-бірінен асып түсетін көпір секілді емес, Сираттың сипаты біздің санаға сыймайды. Ол туралы бізге жеткен хадистерде адамның ойы, ақылы жететін дәрежеде оның сипаты келген. Бұл көпір туралы білудің маңыздылығы неде? Оның мәні Сират көпірінде қойылатын мына жеті сауалда: 1) Иман. 2) Намаз. 3) Ораза. 4) Қажылық. 5) Зекет. 6) Құл ақысы. 7) Ғұсыл, истинжа жəне дəрет. Осы жеті сұраққа жауап бергендер көпірден өтеді.

Сират көпірі Алла Тағаланың бұйрығымен тозақтың үстіне құрылатын көпір. Ахирет күнінде барлық адамға осы көпірден өту бұйырылады. Ол күні барлық пайғамбарлар: «Ей, Раббым! Амандық бер!» деп жалбарынады. Жаннатқа баратындар көпірден оңай өтеді. Олардың кейбірі найзағайдай, кейбірі желдей және кейбірлері шапқан аттай тез өтеді. Сират көпірі қылдан жіңішке, қылыштан өткір. Бұл дүниеде Исламды ұстағандар, нәпсімен күресіп, оның азғыруына алданбай, осы қиыншылықтарға сабыр  еткендер Сираттан оңай және рахат өтеді. Исламды дұрыс ұстанбай, нәпсіге еріп, тозақтық болғандар Сираттан өте алмай тозаққа түседі» (Мәулана Халид Бағдади).  Сират көпіріне анықтама ретінде көптеген хадистер келтіруге болады. Оның көлемі турасында да түрліше айтылған. Ол өте үлкен, ұзақтығы мен кеңдігінің арасы мыңдаған жылдарды қамтиды делінген. Дегенмен, Аллаға серік қосып, Исламға бағынбай, тура жолдан адасқандар үшін оның жетер шеті шексіздікке пара-пар, жалпақтығы инедей, өткірлігі қылыштың жүзіндей болмақ. Алла елшісінен (ﷺ) келген хадисті Әбу Саид әл-Худридің жеткізуі бойынша: «...адамдар ол көпірден найзағай секілді бір сәтте өте шығады, жел секілді және құстай ұшып өтеді, ең жақсы айғырдай зымырайды, енді басқалары жаяу жүргіншідей өтеді, ал біреулер көпірдің тікенектері мен ілгектерінен амалдап өтеді, бреулер оған іліне, денесін тілген күйде өтеді, бірақ ол сол тілінген денемен шығады, ал енді біреулерді ол тозаққа түсіреді» (Бұхари, Мүслім). «Имам Мүслимнен жеткен хадисте: «Адамдар осы көпірмен өтіп бастағанда көпірдің арғы бетінде Алла елшісі Мұхаммед (ﷺ) тұрып: «О, Алла, құтқар, құтқар» деп Аллаға жалбарынып тұрады. Өйткені, кейбір мұсылмандардың жақсы амалдары аз болып, еңбектеп өтеді (Мүслим, 195). Ал, имам Бұхариден жеткен хадисте: «Бұл көпірден өтетін соңғы адамдарды ол көпірден сүйреп, тартып алып шығады» деген (Бұхари, 7439). Яғни, ол жерден еңбектеп те өте алмайды, оны сүйреп, тартып алады. Сират көпірінен ең алғашқы болып Алла елшісі Мұхаммед (ﷺ) және оның үмбеті өтеді. Бұл туралы: «Барлығынан бұрын Мен және менің үмбетім Сират көпірінен өтеміз. Сират көпірінен өткенде пайғамбарлардан басқа ешкім сөйлей алмайды. Олар: «Ей, Раббым! Үмбеттерімізге амандық ихсан ет» дейді (Тәзкирә). Жәннәттық болғандар да, Аллаһ Тағаланың оларды қандай азаптан құтқарғанын көрсету үшін және имансыздарды қандай азап күтіп тұрғанын білдіру үшін сол оттың үстінен өткізеді. Құран кәрімде Сират сөзы аталмайды. Дегенмен ғалымдар сол көпірге қатысты айтылған аяттарды келтіреді. Аллаһ Тағала былай дейді: «Сендерден тозаққа келмейтін (сираттан өтпейтін) ешкім болмайды. (Бұл) Раббыңа тұжырымды міндетті бір үкім. Соңыра тақуа болғандарды құтқарамыз да залымдарды тозаққа жүгіндіріп қоямыз» («Марйам» сүресі, 70- 71 аяттар). Хузейфаның (р.а.)  жеткізуімен Пайғамбардың (ﷺ)  былай деп айтқанын естіген: «Сираттың екі шетінде ілгіштер ілінеді, олар өздеріне әмір берілгендерді ұстай бастайды. Кімдерді сол ілгіштер тырнаса ғана, олар құтылады, ал ұстап алғандары тозаққа тасталынады» Муслим риуаяты бойынша.

Осы аяттар мен хадистерге жүгіне отырып, Сират көпірінен өту барша мұсылманға жүктелетінін айтқымыз келеді. Алланы әрдайым жадынан шығармай зікір етіп, намазда тұрғанда Сират көпірінің үстінде тұрғандай елестете алу қажет. Сонда оқылған намаз жүректен шығары сөзсіз. Алланы естен шығармау арқылы құлшылық артып, иман беки түседі. Мұсылман бауырлар, діни білім алған тұста, жазылғанға көз жүгіртіп, оқып өте салмай маңыздылығына мән берген дұрыс. Тозат отынан құтқарар немесе түсірер Сират көпірі жайлы қанықтыңыз. Амалдарымызды дұрыстап, ғибадатымызды арттырайық. Алла баршамызға берік иман бергей!

 

Нұров Махмуд қажы Нұрұлы

«Бала қажы» мешітінің бас имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары