Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ақшаны ең алдымен осыған жұмсау керек
16 ақпан, 2017 жыл 2385 Басып шығару нұсқасы

Ерлі-зайыптылардың бірінің әке-шешесіне қаржылай көмек беруі көп отбасылардағы ұрыс-керіске себеп болып жатады. Және мұндай себептен туындаған жанжал соңы жақсылыққа жеткізе бермейді.

Ата-анаға қамқорлық жасау әр адамның міндеті. Құранда Алла Тағала: «Жаратушыларың Өзінен басқа ешкімге құлшылық қылмауды және ата-аналарыңа жақсылық жасауды бұйырды. Егер олардың біреуі немесе екеуі қартайса тіпті «туф» деп те айтпа, оларға дауыс көтерме, оларға жылы сөйле»-дейді (әл-Исра’ сүресі, 23-аят).

Алла елшісі: «Адамды Аллаға жақындататын таухидтен кейінгі ең жақсы құлшылық ата-анасына қамқорлық жасау»-деген. Сондай-ақ ата-анаға жақсылық жасау қыз бен ұлға бөлінбеген. Бұл әр баланың міндеті.

Әке-шешеге көмектеспек болған кездегі ұрыс-керістің басым бөлігі «өзімізге жетпей қала ма» деген қорқыныштан туындайды. Бұл арада тек ата-анасына ғана көмектесіп, өзінің бала-шағасын аш-жалаңаш қалдыруға тағы болмайды. Әр нәрседе, әр істе алтын ортасын тауып ата-анаға да, бала-шағаға да бірдей қарау міндет. Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істейтін болса, әрқайсы табысын өз ата-анасына жұмсауға құқылы. Ал егер әйел адам жұмыс істемесе, ерінің табысын оның рұқсатымен ғана өз әке-шешесі үшін жұмсай алады.

«Бір бүтін» болуға ниет етіп, отбасын құрғаннан кейін бір-бірінің ата-анасын тең сыйлап, ақшалай көмек мәселесіне келгенде өзара ақылдасып шешкен абзалырақ болады.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары