Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Біле жүріңіз
16 ақпан, 2017 жыл 300 Басып шығару нұсқасы

Арша көлеңкесіндегі 7 адам

Бірде Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с): «Қиямет күнінде басқа жерлерде таса болмағанда Арша көлеңкесінде тұратын 7 адам бар. Мұндай ыстық күні ол адамдар Алла Тағаланың қорғауында болады:

* әділ билеуші;

* дін жолымен тәрбиеленіп, шариғат үкімін сақтап, тыйым салынғаннан сақтанған жастар;

* жүрегі мешітпен байланысты мұсылман;

* Алла үшін бірін-бірі жақсы көріп, кездесіп, қоштасатын екі адам;

* ықпалды әрі әдемі әйелдің некесіз қатынасқа шақырғанына бармай, «Мен әлемдердің Жаратушысы Алладан қорқамын»-деген ер адам;

* «Оң қолының бергенін сол қолы білмей қалатындай» жасырын садақа берген адам;

* оңашада шынайы зікір етіп, көзінен жас төгілетін адам»-деген.

Үш іс

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Адамды құтқаратын үш іс, адамды құртатын үш іс, адамның Алланың алдындағы дәрежесін көтеретін үш іс және күнәдан арылтатын үш іс бар»-деген.

Адамды құтқаратын үш іс:

1. Ашық түрде де, жария түрде де Алладан қорқу, тыйым салынған істер арқылы ашуына қалмау.

2. Байлықта да, кедейлікте де үнемді болу.

3. Қуанышта да, ашуда да әділ болу.

Адамды құртатын үш іс:

1. Шектен тыс сараңдық.

2. Нәпсінің кез-келген қалауын орындау.

3. Өз-өзіне тәнті болу, масаттану.

Адамның дәрежесін көтеретін үш іс:

1. Мұсылмандарға сәлем беру.

2. Қонаққа шақырып, дәм татыру.

3. Көп адам ұйқыда жатқанда тәһәжжуд намазын оқу.

Күнәдан арылтатын үш іс:

1. Жылдың салқын мезгілінде кемшіліксіз дәрет алу.

2. Жамағатпен намаз оқу үшін мешітке бару.

3. Намаз оқып болғаннан кейін, келесі намазды асыға күту.

Бақытсыздықтың 4 белгісі

Алла елшісі бақытсыздықтың төр белгісі бар деген:

1. Қиямет күнінде алдынан шығатынын білсе де, өткен күндерінде жасаған күнәларын ұмыту.

2. Жасаған жақсылықтары құпия қалса да ұмытпау.

3. Өзінің жағдайын әлдеқайда байлығы көп адамдармен салыстыру.

4. Өзінің діндарлығын сенімі әлсіздермен салыстыру.

Алла елшісі бақыттың төрт белгісі бар деген:

1. Өткен күндерінде жасаған күнәлары туралы ұмытпау.

2. Өткен күндерінде жасаған жақсылықтарын ұмыту.

3. Өзін сенімі мен иманы берік жандармен салыстыру.

4. Өзін жағдайы өзінен төмен жандармен салыстыру.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары