Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мәңгілікке харам болған әйелдер
15 ақпан, 2017 жыл 7755 Басып шығару нұсқасы

Ер азаматтың үйленуіне тыйым салынған, ол үшін үйлену тұрғысынан мәңгілікке харам саналатын әйелдер қан жағынан, сүт ему жолымен және отау құру себебімен үшке бөлінеді. Бұл Құранда былай айтылған:

«Сендерге өз аналарыңмен, туған қыздарыңмен, әпке-қарындастарыңмен, әкелеріңнің әпке-қарындастарымен, аналарыңның әпке-сіңілілерімен, туған бауырларыңның қыздарымен, сүт аналарыңмен емшектес әпке-қарындастарыңмен, қайын енелеріңмен және жақындасып қойған әйелдеріңнен туған қолдарыңдағы өгей қыздарыңмен некелесу харам етілді. Ал жақындаспай тұрып ажырасып кеткен әйелдеріңнің қыздарына үйленеңдер күнә болмайды. Сондай-ақ, сендер үшін бел балаларыңның жұбайларына үйлену һәм апалы-сіңілі екі қызды бірдей әйелдікке алу харам етілді. Ал бұдан бұрын (надандық дәуірінде) болған іс болды. Расында, Алла өте кешірімді, ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 23-аят).

Осы аятта айтылғандарды жеке-жеке қарастырсақ:

Қан жолымен харам болғандар

Аналары: өзінің туған анасы, әжелері.

Қыздары: туған қыздары, немере-шөберелері.

Бауырлары: туған, бір әке, бір анадан туған бауырлары

Әке жағынан қарындастары, нағашы әпке қарындастары.

 

Сүт ему жолымен харам болғандар

Ер жігіт сүт анасымен және оның қыздарымен үйлене алмайды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  бұл жайында былай деген:

«Қан жолымен харам болғандар сүт жолымен де харам болады» (Бұхари, Шәһәдәт, 7)

 

Отау құру нәтижесінде пайда болған харамдық

Қайын аналар

Өгей қыздары

Келіндері

Өгей аналары

Міне осы жоғарыдағы топтарда айтылғандар мәңгілікке бір-біріне үйленбеуіне шешім шығарылғандар. Ал енді бір-біріне үйленбеуіне шешім шығарылғандар.


«Исламдағы жанұя»

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары