Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Таңғы намазға оятатын 6 амал!
26 қазан, 2022 жыл 7986 Басып шығару нұсқасы

Жаратушы Иеміз «Мәриәм» сүресінің 59-аятында айтады: «Бұл пайғамбарлардан кейін орындарына, намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (қияметте) адасуларының сазайын тартады».

Намаз оқып, құлшылық етіп жүрген пенденің көңіліне кірбің салатын жайттар көп. Көңілге түскен дүниелік заттар, қолдың кірі екенін ұмытылып жатады. Соның әсерінен намаздар белгіленген уақытта оқылмай, осы дүниелік өмір тіршілігі бірінші кезекке шығып жатыр. «Ұйқымды қандырып алайын, қазамды өтей саламын деп» таңғы намазға тұрмай, қазасын өтеп жатқандар қаншама. Әрине, көпке топыраө шашпаймыз, Алла кешірсін, дегенмен, таң намазына ерекше көңіл бөлінбей жатқандығы ащы шындық. Осы ретте намаз оқушы бауырларымызға төмендегідей ережелерді ұсынып отырмыз:

Таң намазына тұруға көмектесетін 6 ереже

Ең бастысы ниет ету. Жатар алдында таңсәріде тұрып, намаз оқуға ниет етіп, Алладан сұрап жатқан адамның дұғасы қабыл болары хақ! Бастысығ жүректен шықса болғаны.

Адам өзін ұйқыға ерте жатуға үйретуі тиіс, яғни құптан намазынан соң!

Ұйықтар алдында зікір айту: «Субхәналлах» (33 рет), «Альхәмдулиллях» (33 рет), «Аллаху Акбар» (33 рет);

Жалқаулықтан құтылу дұғасын оқу: «Аллаһума иннни әузә бикә минәлһамми уәлһазан уә әузу бикә минәл ажзи уәл кәсәл уә әузу бикә минәл жүбни уәл бухл уә әузу бикә мин ғаләбәтиддәйни уә қаһрир-рижал». (Иә, Раббым! Қайғы-қасіреттен, дерттен, қабілетсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызымды қайтара алмаудан және адамдардың қысымынан саған сыйынамын. (аль-Хаким, аль-Бухари))

Адамның ішкі мүшелері демалу үшін ұйқы алдында тойып тамақ жемеген абзал. Сонда ұйқыдан тұру оңай болады.

Сағат тілін әр 5-10 минутта қоңырау шалатын етіп, белгілі бір уақытқа қою қажет. Шаршап ұйқыға қатты кететінін білген адам, өзін оятқанын ескерткені дұрыс.

Абу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жамағатпен бірге оқылған таң және құптан намазына берілетін сый туралы білгендеріңде, онда еңбектеп болса да мешітке жеткен болар едіңдер» деген екен. Абу Хурайра (оған Алла разы болсын) риуаят еткен тағы бір хадисте Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Жамағат намазы біреуіңнің жалғыз оқыған намазыңнан 25 есе артық және таң намазына түнгі періштелер мен күндізгі періштелер жиналады». Сосын Абу Хурайра (оған Алла разы болсын): «Қаласаңдар «Расында, таң намазына періштелер де қатысады» деген Исра сүресінің 78-аятын оқыңдар» деді. (Имам Бухари, имам Муслим).

Бұл хадистерде таң намазы жамағатпен оқудың абзалдығы айтылып тұр. Ашығын айтсақ, жамағатпен оқу түгілі өз шаңырағында бес уатта қазасыз намаздар өтелмей жататыны бар. Ибн Аббас (оған Алла разы болсын): «Құлшылықты қаза қылу дегеніміз намазды оқымай қалдыру емес, оған немқұрайлылық танытып, өз уақытында оқымау» деп айтқан. (ат-Табарани). Намазға немқұрайлылық таныту, оны өз уақытында орындамау екіжүзділіктің белгісі. Бұл жайлы Құран Кәрімде: «Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш! Олар намаздарын немқұрайлы оқиды. Олар көрсету үшін оқиды» (Мәун сүресі, 4-6 аяттар). Сырты жылтырап, іші қалтырап тұратын сапасыз заттай болмас үшін, ішкі жан-дүниемізді байытуымыз қажет. Жоғарыда көрсетілген ережегелерді ескеріп, таң намазына дер кезінде тұрып, дұрыс дәрет алып, Аллаға құлшылығымызды уақытылы орындауды нәсіп еткей! Әйтпесе, Науфауь ибн Муауия (оған Алла разы болсын) Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Намазын тастаған адам, өз отбасы мен мүлігінен айырылғанмен тең!» (Ибн Хиббан).


 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары