Тілдік нұсқа
Радио

мақала

12 жылдық ғибадаттың сауабы берілетін намаз
14 ақпан, 2017 жыл 581 Басып шығару нұсқасы

      Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім ақшам намазынан кейін жаман сөз айтпастан 6 рәкәғат намаз оқитын болса, бұл оған 12 жылдық ғибадатпен тең келеді»  (Тирмизи, Салят, 431), - делінген. Бұл нәпіл намазды «әууәбин» (тәубе намазы) деп атайды. Мағынасы «тәубе еткен, паналаған», яғни Аллаға тәубе етіп, Оны паналағандардың намазы дегенге саяды. Мұсылманның ең жақсысы – күнәдан бойын аулақ ұстағандар. Алайда, біліп-білмей күнәлі іс жасап қоятын кездер болады. Осындай сәтте Алланың қайта разылығына бөлейтін нәрсе, тәубеңе келу. Осы тәубе намазы да, Жаратушы Иемізден кешірім тілеудің бір жолы.  Пайғамбарымыздың ﷺ да бұл намазды ақшамнан кейін 6 рәкәғат оқығаны риуаят етілген. Алты рәкәғат оқылатын бұл намазды бір сәлеммен де немесе екі рәкәғат сайын үш сәлеммен де оқуға болады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары