Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ал сіз кешірер ме едіңіз???
11 ақпан, 2017 жыл 302 Басып шығару нұсқасы

Ажал айтып келмейді! Өлімнен ешкімнің құтыла алмайтыны да ақиқат. Жаратушы Иеміздің қандай жағдайда Өзіне қайтарып алатыны да бізге беймәлім.  Өмір болғанан кейін сорақы өлімдерді де көріп, естіп жатамыз. Нақақтан көлік қағып кету, ұрып-соғу, біреудің қолынан ажал құшу. Мұндай сәттерде қайтыс болған жандардың жақынын сабырға шақыру өте қиын. Ол бәлкім, біреудің мәпелеп отырған баласы, біреудің сүйген жары, біреудің ата-анасы болар. Ал оның орнын ешкім толтыра алмас. Осындай сәтте, кінәлі адамға өштесіп, кек қайтаруға дейін баратын жағдайлар да жоқ емес. Алла құлдарын жақсы көретін адамымен, сүйікті дүниесімен сынайды. Басымызға осындай іс түссе өзімізді қалай ұстаймыз? Жақыныңның о дүниеге аттануына себепші болған кінәліні кешіре аламыз ба? Осы орайда үмбетіне сара жол салып кеткен адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бен сахабалардың қаншалықты кешірмшіл болғанын саралап көрейікші.

Меккеде дінсіздердің Алла елшісіне (с.ғ.с) көрсеткен қорлығы баршамызға аян. Бірақ ол Меккені азат еткенде әлгі өзіне қиянат жасағандарға не істеді? Кек алды ма? Жоқ, керісінше, Ол өзіне соншалықты өштескен қас жауларын кешірді. Ол тай құлындай тебісіп, бірге өскен ағасы Хамзаны (Алла оған разы болсын) өлтіруге үкім берген құрайыштардың көсемі Әбу Суфиянның әйелі Хиндті, Хамзаны жер жастандырған Уахшиды да кешірді. Осы сынды кешірімділік пен кеңпейілділіктің үлгісі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінде жетерлік.

Иман келтіргендердің басшысы Омар ибн әл-Хаттабтың (Алла оған разы болсын) өміріне зер салсақ. Әділетті басшы Омардың(Алла оған разы болсын) Зайд деген немере ағасы болған. Зайд исламды хазреті Омардан (Алла оған разы болсын) бұрын қабылдады. Сондықтан да ол ағасын қатты жақсы көрді. Хазреті Әбу Бәкір Халифа болған тұста Зайдқа Ямама шайқасын көру бұйырды. Ол соңғы деміне дейін шайқасып, Алла жолында құрбан болды. Бірде Мединенің базарларының бірінде Омар (Алла оған разы болсын) ағасын өлтірген адамды кезіктіреді. Кеудесін ыза-кек кернеген ол: «Ямама шайқасында менің ағамды өлтірген сен ғой?», - деп сұрайды. Өзі өлтірген адамның жақынын көрем деп ойламаған, қанышер біраз тосылып тұрып қалды да, былай деп жауап берді: «Уа Омар! Ең алдымен мені тыңдап ал, сосын қалағаныңды жаса, мен сенің әділеттілігіңе сенемін. Сол шайқаста мен дінсіздердің жағында болып, өзім де дінсіз болдым. Егер Зайд мені сол сәтте өлтіргенде, иман келтірмеген бетімде тозақтық болар едім, Зайдқа одан не пайда? Ойланып көрші! Маған иман келтіруді нәсіп еткен Алланың қалауымен мен тозақ отынан аман қалдым, ал Зайдқа жәннаттың ең жоғары сатысын сыйлады. Сені ренжітіп тұрған не нәрсе? Менің мұсылмандыққа бет бұрып, дінсіз болып өлмегеінім бе, әлде ағаңның жәннаттық болғаны ма?».

Осыдан кейін Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) Жаратушы Иемізге шүікршілік етіп: «Менің ағама осындай дәреже берген, ал оны өлтіргенді менің мұсылман бауырларымнан қылған Алла Тағала ұлық», -деді.

Біз осылай жасай аламыз ба? Кінәліні кешіру қолымыздан келе ме?  Төмендегі хадисте айтылғандардың қатарында болғымыз келмегені ме?! «Қиямет күні мынадай дауыс шығады: «Кешірім қылғандар қайда? Жоғары дәрежеге лайық болғадар, жәннатқа кіріңдер». Сонда кешірірім жасағандар үн қатады екен.

Кешірімділік жасау арқылы жанымыз тынышталумен қатар, Жаратушының сыйына ие боламыз! Олай болса, кешіре біліңіздер, сіздер де кешірілген боласыздар!

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары