Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алланың сүйіспеншілігіне қауыштыратын 4 амал
18 шілде, 2018 жыл 1443 Басып шығару нұсқасы

1. Алланың сүйіспеншілігіне қауышудың бірінші амалы – сенім куәлігінің мағынасын түсініп, осыған сай өмір сүру. «Лә иләһа иллалаһ» – бұл біздің жаратылуымыздың мәні, Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне қауыштыратын кілт. Ең соңғы сөзін «Лә иләһа иллалаһ» болған адам Жұмаққа кіреді. Одан бөлек сенім келтірген адам Алланың көркем есімдері мен қасиеттерін зерделеуі қажет. Сонда ғана оның жүрегінде шынайы сүйіспеншілік пайда болады.

2. Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне қауышудың екінші амалы Оның бұйырғандарын орындап, тыйғандарынан тыйылу. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы намаз, ораза, зекет және т.б. Алланың бұйырғандары адам үшін жұмақтың жердегі кілті.

«Мен Өзіме жақын адаммен жауласқанға соғыс жариялаймын! Құлымның Маған жақындау үшін жасайтын істерінің ішіндегі құндысы Мен жүктеген міндеттер. Құлым маған сүйікті істерді көбірек жасамайынша оны жақсы көрмеймін. Ал оны жақсы көргенімде оған еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын және ол Менен не сұраса беремін, Менен қорғауды сұраса Мен оны міндетті түрде қорғаймын».

3. Намаз, дұға, Құран оқыған кезде соны құштарлықпен жасау. Керегін Алладан ғана сұрау. Сенім келтірген адам сабыр мен бойұсынушылық арқылы Аллаға жақындар жолда көп қиындықтарды еңсереді.

4. Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне қауышудың төртінші тәсілі Оның бұйрығандарынан аулақ болу. Адам Алла тыйған жаман қасиеттерін тыйып, Оған сүйікті жақсы қасиеттерін шыңдауы тиіс. Бұл қасиеттер туралы Құран мен Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) сүннетінде айтылған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары