Тілдік нұсқа
Радио

мақала

КВАС ХАРАМ БА?
17 наурыз, 2021 жыл 10524 Басып шығару нұсқасы

       «Квастың» бөктіріліп алынатынын негізге ала отырып еліміздегі кей мұсылман бауырлар оны алкогольдік ішімдіктер қатарына қосып, ішу дұрыс емес деп жатады. Дегенмен, Пайғамбарымыздың хадистеріне қарасақ, бір сусынды алкогольді ішімдіктер қатарына қосып, «харам» деуіміз үшін ол сусынның «мас қылатын» ерекшелігі болуы керектігін байқаймыз. Сахих Бухаридегі риуаятта Айша анамыздан келген хадисте Алланың Елшісінен (с.а.у) балдан жасалған ішімдік (битғ) жайында сұрағанда: «Мас қылатын барлық сусындар – харам», – деп жауап берген[1]. Тағы бір хадисінде былай деп те келеді: «Мас қылушылардың бәрі исі мұсылманға – харам»[2]. Сондай-ақ, сахаба Абдулла ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у): «Мас етуші (ішімдіктердің) бәрі – харам. Көп ішкенде мас ететіннің, азы да – харам», – деген[3]. Осы және өзге мазмұндас хадистерді негізге ала отырып Имам Мұхаммәд «көбі мас қылатынның, азы да харам» деген тұжырым жасаған. Оның осы тұжырымы кейіннен Ханафи мәзһабында фәтуә ретінде бекітілді[4]. Демек, «квас» сусынын, өзге алкогольді ішімдіктер санатына жатқызуымыз үшін де «мас етуші» ерекшелігінің (сипат/иллет) болуы маңызды. Ондай ерекшелік «квас» сусынында жоқ. Ендеше, аталмыш сусынды алкогольді ішімдіктермен қатар көріп, ішуге тыйым салу – негізсіз.

[1] Сахих Бухари, Әшриба - №5263 хадис. Фатхуль Бари.  [2] Ибн Мәжә, Әшриба – №3386, 3387, 3388, 3389.  [3] Ибн Мәжә, Әшриба - №3392 хадис.  [4] Майдани, Любәб – 3/215 бет.; У.Зухайли, Маусуғат – 6/115 бет.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары