Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Уәсуәсадан құтылудың жолдары
08 ақпан, 2017 жыл 435 Басып шығару нұсқасы

Уәсуәса – шайтанның жүрекке жаман ойлар салуы, адамды жаман нәрселер жасауға итермелеуі, жақсы нәрсені тәрк еткізуі немесе кемшілікпен жасауға азғыруы, ақылынан алжастыруы деген сөз. Кітабымыз Құран Кәрімде уәсуәсаның жаманшылығынан Аллаһ Тағала сиыну бұрылған («Нас» сүресі). Пайғамбарымыз да (с.а.у.) мүминдерге уәсуәсамен әрекет етпеуге кеңес беріп, уәсуәсаның діни-құқықтық үкім тудырмайтындығын айтқан (Бұхари, Талақ, 11).

Ислам ғалымдары ауру түрінде келетін уәсуәсалардан құтылудың жолдарын былай баяндайды:

  1. Шын жүректен Аллаһ Тағаланы еске алу, уәсуәса және шайтаннан Аллаһ Тағалаға сиыну;
  2. Өзінің жүрегі құптамайтын ойлардың өзіне тиесілі еместігін білу және жамандыққа жорудан құтылу;
  3. Өз қалауынан тыс ойына келген пікірлер мен сенімдердің өзіне тиесілі емес екенін біліп, уайым мен қорқыныштан құтылу;
  4. Жыланның айнадағы көрінісі адамға зиян келтірмейтіні сияқты, өз қалауынан тыс ойына келген түсініктердің жүрегіне зиян тигізбейтіндігін білу;
  5. Діннің «жеңілдік» екендігін, Аллаһ Тағаланың құлдарына қиыншылық емес, жеңілдік қалайтындығын назарға алып амалын жалғастыру;
  6. Ойына келген жағымсыз пікірлер мен шүбәларға мән бермеу, мән берген сайын арта түсетіндігін білу.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары