Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ӨЗГЕ ДІНДЕГІЛЕРДІ ДОС ТҰТУ КҮНӘ МА?
23 қыркүйек, 2020 жыл 732 Басып шығару нұсқасы

      Құранның Мәида сүресі 51-аятында былай  делінген: «Ей, иман келтіргендер! Яһудилер мен Христиандарды (оларға арқа сүйеп) жәрдемші тұтпаңдар[1]...!» Аталмыш аяттағы «Әулия (اولياء)» сөзі араб тіліндегі   «Уәли (ولي)»  сөзінің көпше түрі, жәрдемші, сүйікті адам,  жолдас, дос, қамқоршы, көрші, одақтас, мойынсұнушы деген мағыналарға саяды. Өзге кісінің істерін өз міндетіне алушыны да «уәли (ولي)» деп атайды[2]. Аяттағы мағынасы «оларды пана тұту, солардың саясына ену, өз істерін билеп-төстеуші ретінде тану» дегенді білдіреді[3]. Бұл аяттың түсу себебі ретінде бірнеше деректер бар. Бір деректе сахаба Ғубадату ибн Самит әл-Ансаридің яһуди дініндегі одақтастары бар-тын.  Хандақ[4] шайқасында әлгі сахаба ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.у.) келіп: «Уа, Расулулла! Менімен бірге бес жүз яһуди бар. Солар да менімен шықса, дұшпанға қарсы арқа сүйерім болса деймін?!», – деп пікірін білдіреді. Осыған орай Мәида сүресі 51-аяты түседі[5].        

Енді, осы аятқа сүйене отырып қазіргі таңда «мұсылманның христиан немесе яһуди дініндегі азаматтармен байланыс құрмауы керек пе, олармен достық қарымқатынаста болмауы тиіс пе?» деген сұраққа ғалымдарымыз былай деп жауап береді: «Мұсылмандармен бірге қоян-қолтық, тату-тәтті өмір сүріп, астыртын арам пиғылы жоқ өзге діндегі азаматтармен өзара сыйласып, оларды дос көрудің еш ағаттығы жоқ. Өйткені Құран Кәрімде: «Алла тағала дін үшін сендермен соғыспаған және жұрттарыңнан шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды»[6], – делінген».[7]           Ендеше, бірнеше дін өкілдері тату-тәтті, сыйластықпен өмір кешіп жатқан біздің қоғамда алауыздық тудырмай, өзге діндегілермен сыйласып, олармен достық қарымқатынаста болу дінімізге қайшы емес.

[1] Тәфсируль Сәмарқанди, Маида сүресі – 51 аят тәпсірі.  [2] Әбу Заһра, Зәһратут Тәфасир: Маида сүресі – 51 аят тәпсірі;  Ас-Сабуни, Рауаиғуль Баян: Маида сүресі – 51 аят. [3] Әбу Заһра, Зәһратут Тәфасир: Маида сүресі – 51 аят тәпсірі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары