Тілдік нұсқа
Радио

мақала

НАУҚАС БАУЫРЫМДЫ ҚАЛАЙ САБЫРЛЫҚҚА ШАҚЫРСАМ БОЛАДЫ?
03 ақпан, 2017 жыл 529 Басып шығару нұсқасы

    Алла тағала адам баласы көтере алмайтын сынақ бермейді. Сынақпен қоса, сол қиындықты еңсеретін күш-қайратты қоса береді. Құран Кәрімде «Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер...[1]» деген аятта айтылып тұрғандай, қиыншылық пен сынақ кезінде              Алла тағаладан сабыр және құлшылық етіп жеңілдік сұрауымыз керек. Сахаба Әнастан ( р.а.) жеткен: «Сауаптың үлкендігі сынақтың үлкендігіне қарай, Алла тағала біреуді жақсы көрсе, қиыншылық береді...[2]» және Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен: «Алла тағала біреуге жақсылық қаласа, қиыншылық береді[3]» деген хадистерінен сынақ сырын ұғамыз.          Мұсылман баласы бойында үш түрлі сабырлық болуы қажет. Бірінші, Алла тағаланың әміріне бойұсынатын сабырлық. Екінші, күнә істерден тиылу үшін пайдаланатын сабырлық. Соңғысы, қиыншылық пен сынақтарға төтеп беру үшін қажет сабырлық. Сонымен бірге, сырқаттан айығу жолдарын үздіксіз іздеу қажет. Хадисте: «Алланың құлдары ем іздеңіздер. Алла тағала жіберген әрбір дертке шипа түсірген. Тек қарттықтың емі жоқ[4]»,-деп айтылған.

[1] Бақара сүресі, 45-аят [2] Ибн Мажаһ, 4167 [3] Бұхари, 5645 [4] Бұхари, Ахмед

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары