Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ақылды әйел ерінен талап етпейтін 7 нәрсе
02 ақпан, 2017 жыл 5069 Басып шығару нұсқасы

Көптеген әйел ерлерді өз алдында міндетті деп біледі. Нәтижесінде мұндай қатынас арадағы сенім мен сыйластық отын сөндіреді. Нәзік жандылар қателігін түсінгенде, өкінішке орай, кеш болып жатады. Бұл ретте сұлулардың өзінің емес, өзгенің қателігінен сабақ алу үшін, дана әйелдер еріне қоймайтын 7 талап қатарын ұсынамыз.

1. Ақылды әйел өзін өзі қамтамасыз ете алатындықтан, өзін асырауды талап етпейді. Мәселе балалар жөнінде емес, сіз жайлы. Ері үйге кіргеннен бастап бірақатар әйел «мені асыра, киіндір, көңіл көтерейік» деген сынды тіркестермен құлақ етін жейді. Шындығында, еркек балаларын ғана асырауға міндетті. Ол әйелге де қатысты. Қаласа, сізді де асырайды. Десе де міндетті емес.

2. Күйеуінен сүйікті затынан, ісінен бас тартуды талап етпейді. Өзіңізбен көп уақыт өткізуі үшін жұмысынан, сүйікті ісінен бас тартуға мәжбүрлемеңіз. Өмірден жиған тәжірибесі мол әйел бұл әрекеттің еркекті бақтысыз етерін біледі. Себебі оның өмірі тек жұмыс пен сүйікті әйелінен тұрмайды.

3. Ол күйеуін достары, туыстарымен қатынасын үзуге мәжбүрлемейді. Еріңіздің достарының не туыстарының бірін мүлдем ұнатпайтын, жаратпайтын жағдайлар болып тұрады. Десе де бұл азаматыңыздың ол адаммен сіз үшін араласпауына себеп емес. Тіпті, олардың жолдасыңызға әсері нашар көрінсе де. Ер адам үшін балалық шақтан бастау алған достықтың қаншалықты маңызды екенін сіз түсіне де алмайсыз. Ал туыстарымыз қанша жүйкемізді жұқартқанымен, олардан өзіміз де бас тарта алмаймыз.

4. Өз қызығушылығымен әуестенуін сұрамайды. Егер сіз онымен сальса билегіңіз келсе, еріңіздің ұнатпасы не бас тартары анық. Бұл ретте тынымсыз талап етуге, қырсығуға қақыңыз жоқ. Оның сізді әр апта сайын таңғы сағат 5-те тұрғызып алып, балық аулауға сүйрейтінін елестетіп көріңізші. Біз бір-біріміздің бар қызығушылығымызды бөлісе алмаймыз. Ол махаббаттың, сыйластықтың жоқтығын аңғартпайды.

5. Ол ерін өзгертуге тырыспайды. Қарым-қатынастың нағыз құндылығын білетін, түсінетін әйел еш уақытта күйеуінен өзгеруін талап етпейді. Ол адамның шынайы келбетіне ғашық болады және адам өзі қалаған уақытта ғана өзгеретінін біледі. Керісінше, еркектер өздерін шынайы қалпында қабылдай алатын әйелдерді бағалайды.

6. Ол күйеуінен өзге әйелдерге көз салмауын талап етпейді. Шындыққа тігінен қарайық: еркектер әдемі әйелдерге көз салмай тұра алмайды. Ол ерлердің табиғатына қайшы (Сөз ашық түрде қырыңдау жайлы емес). Әйелдердің де келбеті келісті азаматтарға назар аударатыны өтірік емес. Бұл мәселеге сабырлылықпен қараңыз.

7. Ол азаматына сенеді. Дана әйелдің сүйіктісінен ақталуын, сүттен ақ, судан таза екенін дәлелдеуін талап етуі мүмкін емес. Қарым-қатынас сенімге құрылған кезде, ерінен телефонын беруін, әлеуметтік желілердегі құпия сөзін сұрау әйелдің ойына да келмейді. Мұндай әрекет азаматын сыйламайтындығын аңғартады.

Қарым-қатынасыңызда тыныштық пен үйлесімділік орнасын десеңіз, ортақ тіл табысу, кей жағдайда өзін төмен қойып, жол беру жұбайлардың екеуіне де тиісті мәндет. Сыйластық пен махаббат, төзім мен жан әлемін түсінуге тырысу – сүйгендердің арасында болуы қажет дүниелер.

Қызық TIMES

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары