Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жетістікке жетелейтін 5 қағида
08 қыркүйек, 2020 жыл 4400 Басып шығару нұсқасы

 

  1. Адамдар көбіне тек ауқымды оқиғалар ғана өмірлеріне айтарлықтай әсер етеді деп ойлайды. Бірақ, бұл жаңсақ пікір. Жамандық та, жақсылық та сол кішкентай нәрседен құралады. Алла Тағала Құранда:«Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді», - («зилзәл» сүресі, 7-8 аят), -деген. Бұл аяттар көзге көрінбейтін, болмашы бір істің өмірімізде қаншалықты рөл ойнайтынын көрсетеді. Сондықтан да, әр жасаған бір қимылымызды, болашаққа бастар баспалдақ деп білген жөн. Ал сол баспалдақтардан дұрыс аттай білу маңыздысы. Егер күнделікті атқару керек істердің тізімін алдын ала құрып алсақ, іс өрге басады. Өйткені кеңесіп пішкен тон келте болмайтыны сынды, ақылға салып істеген істе жаман болмас.
  2. Уақыттан қымбат сыйлық жоқ. УақытАлланың адамзатқа берген ең үлкен каптиалы. Оны ұтымды пайдалана білетіндер де бар, құр босқа кетірендер де бар. Осы орайда Имам Ғазалидың мына кеңесіне назар салыңыз: «Уақытыңды қайда жұмсайтыныңды жоспарлау керек. Ең маңызды әрі міндетті деген істерді анықтап алып, алдымен орындап тастауға тырысу керек. Егер еріншектік желкеңнен басып, қамсыз жүре берсең, уақытыңды құр босқа өлтіргенің». Уақытты уысыңнан шығарып алсаң, ештеңеге қол жеткізе алмайтынымыз анық. Құранда айтылғандай:«Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды», -  ("Аср" сүресі, 103 аят).
  3. Басыңа түскен бейнет – саған берілген жаңа мүмкіндік. Өмірдің ағы мен қарасы, ащысы мен тұщысы қатар жүретіні айқын.  Сол себепті қамшының сабындай қысқа ғұмырда талай мәрте қиындықтарға тап болып, Алланың сынағына ұшыраймыз. Осы сәтте адамның дегені емес, Алланың дегені болады деп, тағдырға мойынсыну жақсы істерден болмақ. Ол үшін өзіңді немесе өзгені кінәлап күнәға батқанша, Құранның мына аятына зер салайықшы: «Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар»(«Инширах» сүресі, 5-6 аят). 
  4. ӨЗ-ӨЗІҢЕ СЕНІМДІЛІКТЕН АЛЛАҒА ДЕГЕН СЕНІМДІЛІККЕ ӨТУ.Бүгінгі таңда көпшілік мұсылман өз-өзімізге деген сенімділіктен ада болып бара жатырмыз, оны басқа жерден іздеп басымызды тауға да, тасқа да ұрып жатамыз. Алайда, ол қасиет ең бірінші адамның Аллаға деген сенімділігі артқанда пайда болады. Яғни,қандай жағдай болмасын, Жаратушы Алла қорғанынсыз, қарауынсыз қалдырмайтынына сену. Алла Тағала: "Ал енді әлде кім (Алла жолында) берсе, тақуалық қылса, Жақсылықты дұрыс деп білсе; Сонда оның жолын оңайластырамыз" ("Ләйл" сүресі 5-7 аят). Өз-өзіңе деген сенімділікті менмендік, тәкаппарлықпен шатастыруға болмайды. Тәкаппарлық - ол жеткен жетістіктерінің барлығы тек бір өзінің арқасы деп білу. Ал, мұсылман адам қандай тірлік істесе де оған Алла Тағала күш-қуат берді, Жаратушы Иемнің берген нығметі деп біледі.
  5. Ерік, жігер -  имандылықтың ізі. Өмірде бір жетістікке жету үшін алдымен адамға қайыспас қайраттылық пен батылдық керек. Егер ұмтылыс пен жігерлілік болмаса адам баласы ештеңені тыңғылықты тындыра алмайды. Тағы бір ескеретін жайт, Раббысына деген сенімділікті нық болуы және үздіксіз жасалған дұға мақсатқа жетуге себепші. Егер көздеген мақсат-мұратымыз қайырлы істерден болса Мейірімді Алла қабыл етеді, Ин ша Алла!  

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары