Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар балаларды өте жақсы көрген екен. Бiрде ол есiк алдына шығып, айналасына қарап тұрса, бiр топ бала тай мiнiп шапқылап жүр екен. Тай мiнгендер мәз-мәйрам, көшенi басына көтерiп қиқулап келедi. Соларға қарап қызығып тұрған бiр баланы көредi.Баланың мiнейiн десе тайы жоқ. Қызыққанмен басқа амалы жоқ, оның шарасыз күйi Пайғамбарға қатты батады. Ол баланың жанына барып:- Тайға мiнгiң келе ме? - дейдi.- Иә, - дейдi бала.- Мен таймын ғой. Мен де шаба аламын. Мен де кiсiней аламын. Кел маған мiн, - деп оны иығына мiнгiзiп, жүгiре жөнелiптi.Астындағы тайының жай тай емес, елге ең құрметтi, аса қадiрлi адам екенiн бiлiп, бала жүрегi жарыла қуанып, үлкен мақтанышпен сықылықтай күлiптi.
Пікірлер