Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЖҮЗ ШАХИДТІҢ САУАБЫ КІМГЕ БЕРІЛЕДІ?
19 қаңтар, 2017 жыл 313 Басып шығару нұсқасы

Расулуллаһ () былай деді:

- «Адамдар сондай бір заманға кездеседі. Ол заманда сүннет ескіреді, дәл ескірген бір киім сияқты. Міне, сол заманда адамдар дінде болмаған жаңа жаңалықтар шығарады. Ол күні сүннетіме бағынышты болған кісі бір бөтен мүсәпірдей болып, жалғыз қалады. Бірақ, адамдардың ойдан тауып шығарған бидъат істеріне бағынышты болғандар елу дос табулары мүмкін, бірақ одан да көптеу».

Сұралды:

- Иә, Алла елшісі (), бізден соң инабатты кісілердің болуы мүмкін бе?

Былай бұйырды:

- «Әрине, болады!»

Қайталап сұралды:

- Олар сені көре алады ма?

- «Жоқ!»

Қайталап сұралды:

Иә, Расулуллаһ () олар ол кезде қалай болады?

Былай деді:

- «Судың ішіндегі тұз сияқты. Тұз қалай судың ішінде ерісе олардың жүрегі де солай ериді».

Тағы сұралды:
 

Олар ол кезде қалай өмір сүреді?

Пайғамбарымыз ():
 

-«Сіркенің ішіндегі өмір сүрген құрттар (бактериялар) сияқты».

Тағы сұралды:

- Иә, Расулуллаһ (), олар діндерін қалай қорғай алады?

Былай деді:
 

- «Жұдырықтағы от сияқты. Қолын қысса күйеді, ашса сөнеді».

Пайғамбарымыз () басқа бір хадис-шәрифінде былай бұйырды:

-«Үмбетім бұзыла бастаған кезінде, бір сүннетімді орындағанға жүз шахидтің сауабы бар».

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары