«Ол сондай Алла; рахметінің (жаңбырдың) алдында қуандырып, самалдарды жіберді. Аспаннан тап-таза жаңбыр жаудырдық» («Фурқан» сүресі, 48-аят).
Әлемдердің Раббысы Алла Тағаланың берген сансыз нығметтерінің бірі – су. Тіршілік көзінсіз өмірдің мәні жоқ. Бір қарағанда қарапайым қара су дерсіз. Бірақ, оның адам ағзасы үшін пайдасы ұшан теңіз. Біз ауруды емдейміз деп түрлі дәрі-дәрмек, дәрумендер қолданамыз, халық еміне жүгінеміз, алайда мұның барлығынан қолжетімді судың көмегі асып түсетін көрінеді.
Ғалымдардың бірнеше жылдық зерттеуі жеткілікті мөлшерде су ішу демікпе, аллергия, артрит сынды ауруларға шипа. Мидың да жақсы жұмыс істеуі үшін су қажет. Егер тіршілік көзі толыққанды жетіспесе, есте сақтау қабілеті төмендеп, адам ашуланшақ бола бастайды. Тіпті су жаңа сығылған шырыннан да артық. Ол теріні жас қалпында сақтап, артық салмақтың алдын алады және жүрек ұстамасының қауіпін сейілтеді.
Судың пайдасы тию үшін оны дұрыс іше білу керек:
Су туралы қызықты деректер:
Су туралы хадистер:
«Су Жәннатты мекендеушілер үшін сусынның төресі».
«Су осы және арғы дүниедегі сусындардың барлығының ішіндегі төресі».
«Кімде-кім ет жесе, тамақтанғанға дейін су ішпесе, рахатқа бөленеді» .
«Су кір зат түсіп кетіп, түсін, дәмін немесе иісін өзгертпейінше таза қалпында қалады» .
Пікірлер