Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Неге адам жаман әдеттерді тез қабылдайды?
17 қаңтар, 2017 жыл 403 Басып шығару нұсқасы

Бірде шәкірттері қарт ұстаздарына келіп:

- «Неге адам жаман әдеттерді жылдам меңгереді де, жақсы әдеттерді қиын меңгереді?»-деп сұрайды.

Сонда қарт ұстаз:
- Егер сау дәнді күн көзінде қалдырып, бүлінген дәнді топыраққа көмсе не болады? – деп сұрақтарын сұрақпен қайырады.

- Топырақсыз, күн көзінде қалдырылған дән өледі. Ал топыраққа көмілген, бүлінген дән өсіп, өнімсіз жеміс береді, масағы әлсіз болады – деп жауап қатады шәкірттері.

Сонда қарт ұстаздары:

- Адамдарда осылай жасайды. Жақсы істерді жасырын жасап, жақсы әдеттерді жүректеріне сіңіргеннің орнына, оны елдің бәріне жариялайды. Сөйтіп өз-өздерін құртады. Ал өздерінің кемшіліктері мен күнәларын басқалар көріп-білмес үшін жан дүниелерінде терең жасырады. Сол кемшілік пен күнәлардың дәні адам жүрегінде өсіп, үлкейіп, адамның рухын, жан дүниесін зақымдайды – деген екен.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары