Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жан-жануарлардың қабілеті
10 қазан, 2015 жыл 4079 Басып шығару нұсқасы

Құранда жан-жануарлар қаншама рет аталады. Оны Құрандағы жануарлар атымен аталатын сүрелерден көруге болады. Мәселен «Сиыр» (әл-Бақара), «Мал» (әл-Ан’ам), «Өрмекші» (әл-’Анкабут), «Піл» (әл-Фил), «Аралар» (ан-Нахл), «Құмырсқалар» (ан-Намл), «Жүйрік аттар» (әл-’Адият). Мейірімі шексіз Алланың адамға құқық бергені сияқты, осындай жан-жануарларға да өз хақысын бергенінен көпшілігіміз бейхабармыз. Олардың жаны бар екенін, оларға зәбір көрсетсе тәні ауыратынын естен шығарып аламыз. Ұсақ жәндіктерді ойланбастан өлтіре саламыз, аңға шығып, аяусыз атып немесе қырамыз. Олардың сезім жүйесі де адамдікіндей, тек айырмашылығы адамдікіндей ақыл-санасы, тілі жоқ. Құранда:  «Жердегі барлық жанды нәрселер мен қос қанатымен ұшатын құстар сендерге ұқсас қауым болып табылады. Біз Хүкімде ештеңені ұмытпадық. Олар содан кейін өзінің Құдайына қайтады»-делінеді.


Жан-жануарлар осы әлемнің ажырамас бөлшегі, біздің көршілеріміз, біздің өмір сүруіміз үшін олардың қажеттілігі зор. Алла Тағала оларға өмір сүру ортасын жасаған,  жайылым, өзен-көл, т.б. Міне, олардың Алла берген хақы мен қажеттілігі. Адам оларды өзіне тиесілі нәрседен айыруына хақы жоқ.


Құранда:  «Жердегі мен көктегінің, күн мен айдың, жұлдыздардың, таулардың, ағаштардың, жан-жануарлардың және көптеген адамдардың Алланың алдында еңкейіп тұрғанын көрмейсің бе?»-делінген.  «Біз таулар мен құстарды Дәуітпен бірге Бізді мадақтауы үшін бағындырдық»-дейді.


Сүйлемен Пайғамбарға Алла Тағала жан-жануарларды есту, олардың тілін түсіну мүмкіндігін берген. Бірде ол соғыс уақытында құмырсқалардың алаңына келген кезде бір құмырсқаның:  «О, құмырсқалар! Өздеріңнің тұрақтарыңа кіріңдер, Сүлеймен және оның жауынгерлері өздері сезінбестен сендерді өлтіріп кетпесін»-дегенін естиді.  Ол сонда күліп: «Жаратушым! Сен маған көрсеткен мейірімің үшін мені алғысты қылдыр»-дейді. 


Сондай-ақ, Құранда құстың Сүйлеменнің білмегенін баяндап: «Сен білмегенді мен білдім. Мен саған Сабадан нақты хабармен келдім»-дегені айтылады.


Құмырсқаның да, құстың да адам тіліндей сөйлейтін қабілеті жоқ еді. Екеуі де өз тілдерінде сөйлеген болатын. Ал, Сүлеймен Пайғамбарға олардың тілін түсіну қабілеті берілген-ді. Жан-жануарлардың сезімталдығы кейде адамнан да асып түсіп жатады.  Алла Тағала жан-жануарларды да адамға Хақтығын, жаратылыстың мәнін, Өзінің құдыретін түсіндіру үшін жаратқан. Өкінішке қарай адам баласы оны көрмейді, көрсе де терең бойлап түсіне бермейді.


Алла Тағала: «Шынында үй жануарлары сендерге ғибрат., Біз сендерді олардың іштеріндегімен тойдырамыз. Олар сендерге көптеген пайда әкеледі және сендер оларды азық етесіңдер. Сендер оларға және кемелерге мініп жүресіңдер»-дейді.


 «Алла – сендердің мінулерің, азықтануларың үшін малды жаратқан Жаратушы. Олар сендерге пайда әкеледі. Олардың арқасында сендер қалаған істеріңді тындырасыңдар. Оларға және кемелерге мініп жүресіңдер. Олар сендерге өз жаратылыстарының құдыретін көрсетеді. Алланың қандай жаратылыс құдыреттерін жоққа шығарасыңдар?».


Алла Тағаланың құдыреті шексіз. Кейбір жануарлар адам көрмейтінді көріп, адам естімейтінді ести алады. Кейбір жануарлар періштелерді, кейбірі шайтанды көреді. Оған қоса, жан-жануарлар қайтқан адамның қабір азабындағы айғайын ести алады. Жұманы ажырата алады, себебі Қиямет дәл жұма күні болатынын біледі.  Әбу Хұрайра Алла елшісінің мынадай сөздерін жеткізген: «Егер әтештің дауысын естісеңдер, Алладан мейірім сұраңдар, себебі әтеш періштені көреді. Ал, егер есектің ақырғанын естісеңдер, Алладан шайтаннан қорған сұраңдар, себебі есек шайтанды көреді».


Сондай-ақ, Пайғамбарымыз: «Егер түнде иттің үргенін және есектің ақырғанын естісеңдер, Алладан олардан қорғауды сұраңдар, себебі олар сендер көрмейтінді көреді»-деген.


Құранда: «Шынында, қайтыс болғанда өз қабірлерінде олардың дауыстарын жануарлар еститіндей азапқа түседі».


 «Адамдар мен жындардан басқа, жаны бардың бәрі жұма күні таң атқаннан күн батқанға дейін Қияметтен қорқумен болады»-делінеді.


Сонымен қатар, жан-жануарлар кейбір адамдардан, нәпсісіне ергендерден, тура жолдан тайғандардан жоғары тұрады. Себебі олар өз Жаратушысына мінсіз бойұсынады, құлшылық қылады. Алла Тағала: «Дінсіздер мал сияқты игіліктерді пайдаланады және ішіп-жейді. Олардың мекені От болады».


«Біз Тозақ үшін көптеген адамдар мен жындарды жараттық. Олардың түсінбейтін жүрегі, көрмейтін көздері, естімейтін құлақтары бар. Олар малға ұқсайды, бірақ олардан да адасқан. Дәл солар нағыз надандар»-дейді.  


Ендеше, жан-жануарлардың, үйдегі мысық пен күшіктің, аяқ астындағы құмырсқаның хақысын, олардың Алланың жаратылысы екенін ұмытпасақ абзал.




Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова


               

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары