Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адам неге өлімнен қорқады?
06 қаңтар, 2017 жыл 444 Басып шығару нұсқасы

Әр адамға өлшеніп берген өмір бар. Алла бізді өзі жаратты, қалаған уақытында Өзіне қайтарып алады. Қасиетті Құранда: «Әрбір тірі жан (бір күні) өлімнің дәмін міндетті түрде татады…» делінген («Әли-Имран» сүресі, 185-аят).

Алайда адам өлімнің хақ екенін біліп тұрса да өлімнен қорқады.

Біріншіден, бұл өмірде адамға барлығы берілген: денсаулық, ұйқы, күлкі, ата-ана, бала-шаға, жақындар, достар, байлық, қызық бәрі-бәрі… Өлім адамды осының барлығынан айырады.

Екіншіден, адамның өлім алдында дәрменсіздігі.

Адам қорқыныш пен қиыншылықтан, қауіп-қатерден, аурудан құтылса да өлімнен қаша алмайды. Жаратушы Алланың алдында дәрменсіз болып қала береді.

Үшіншіден, өлімнің кенеттен келуі. Пенденің дәм-тұзы қай уақытта, қай сағатта, қай минутта таусылатынын Хақ Тағалаға ғана аян. Адамға өлім оның ең бақытты шақтарында, қызыққа толы дәурен сүріп жүргенде немесе күнәға батып, тәубе етіп үлгермеген шағында, намазды ертең бастаймын деп жүрген кезінде, кез келген уақытта, «күтпеген жерден» келуі мүмкін. Сол үшін де адам өлімнен қорқады.

Төртіншіден, болашақтың белгісіздігі.

Өлімнен кейін не болады? Қара жерге көмілген соң артымда жақындарым, туыстарым жылап қалады, ал менің жайым не болмақ? Бұл сұрақ кез келген саналы, иманды серік еткен жанды ойландыратыны анық. Өлімнен кейінгі өмір өлімнің өзінен де ауыр, ол – мәңгілік, ол жақта – есеп, әркім бұл өмірдегі іс-әрекетіне қарай әділ шешімге лайықталады.

Сондықтан, Алла баршамызға ізгі құлдардың өмірін сүруді, мәңгілік өмірде Оның мейіріміне бөленуді жазсын деп тілейік.

Максат əл-Ханафий

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары