Тілдік нұсқа
Радио

мақала

КӨШЕДЕН АҚША ТАУЫП АЛСА, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
04 қаңтар, 2017 жыл 3865 Басып шығару нұсқасы

Егер даладан, басқа жерден құнды зат тауып алсаңыз оның аманат екенін ұмытпаған жөн. Олжалы болдым деп қуанғаннан бұрын, жауапкершілікті сезінген дұрыс. Өзгеге тиісілі бір затты байқап қалып алатын болсаңыз, алдымен куәгер тауып алу керек. Сондай-ақ ол кісіге иесін табу мақсатында алғаныңызды айтып, өзіңіз туралы ақпарат қалдырып кетесіз. Іздестірудің басқа да жолдарын қарастырып көру қажет. Мысалғы, теле, радио немесе әлеуметтік желі арқылы хабарландыру таратуға болады. Бұл әрине, бағалы, жоғалтқан жанның жанына бататындай қомақты сома болған жағдайда. Ал егер аз ғана тиын-тебен болса қажеті болмайды. Сонымен қатар құнды дүниені иесі табылғанша бір жыл сақтау керек. Қожайыны табылса қайтарып бересіз, ал табылмаған жағдайда кедей болса, өз қажетіне жаратуға болады. Ал егер жағдайыңыз болып тұрса, кем-кетік жандарға таратып беру керек. Дұрысы, Аллаға мәлім.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары