Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ОСЫ 12 ТҮГЕЛ БОЛСА НАМАЗ ЖАРАМДЫ
04 қаңтар, 2017 жыл 4986 Басып шығару нұсқасы

Намаздың парыздары он екі. Бұлардың алтауы намаздың сыртындағы, яғни әлі намазды бастамай тұрып орындалуға тиіс және бұлар намазға дайындық болған соң намаздың шарттары деп аталады. Намаздың ішіндегі парыздар намаздың өзі соған тәуелді болғандықтан намаздың рүкүндері деп аталады. Бұлардың бірі кемшін болса, ол намаз сахих болмайды.

Намаздың шарттары

  1. Хадәстен тазару

Дәретсіздік, жүніптік және әйелдердің хайз немесе нифәс халінде болуларын «Хадес халі» дейді. Хазреті Пайғамбарымыз былай деген: «Сіздірдің біреуіңіздің дәреті бұзылған жағдайда дәрет алмайынша, Алла Тағала оның намазын қабыл етпейді» (Бұхари, Муслим).

  1. Нәжәстен тазару

Намаз оқымай тұрып денедегі, одан кейін киімдегі, намаз оқитын жердегі кір, лас нәрселерді тазалау керек. Бұл тазалық намаздың жарамды болуы үшін қажет шарттардың негізгілері.

  1.  Әурет жерін жабу

Әурет болып саналатын мүшелердің аз ғана жері ашылып, бұл ашылған жерлердің барлығы әурет мүшесінің кемінде төрттен біріне тең болып, бір рүкүнды орындайтындай уақыт жалғасса, намаз сахих болмайды.

Тәннің түсі мен реңі көрінетіндей деңгейде жұқа киім кисе, әурет жері жабылған болып есептелмейді. Сондықтан терінің түсін көрсететіндей намаз оқу дұрыс емес.

  1. Құбылаға бет бұру

Намазды құбылаға қарай бет бұрып оқу – парыз.

  1. Уақыт

Уақыты кірмей тұрып оқылған намаз жарамсыз болып, уақытынан кейін оқылатын намаз әда емес, қарыз болып саналады. «... Намаз – мүміндерге уақыты белгіленген парыз» («Ниса» сүресі, 103-аят).

  1. Ниет

Ниет ету –намаздың шарттарының бірі. Ниет бекіну, нақты қалаумен болады. Ниет шын жүректен болу керек. Ал бір адам намазға жүрегімен ниет етіп, тілімен оны айтпаса, намазы қабыл болады. Бірақ «мына уақыттың парыз немесе сүннет намазын оқуға ните еттім!» - деп айтқаны өте жақсы болады.

Намаздың рүкүндері

  1. Ифтитәх тәкбірі

Ифтитәх «бастау, есікті ашып ішке кіру» деген мағынаны береді. Намаз оқыған адамның өзі еститіндей дауыспен «Аллаһу әкбар» деп тәкбір айтуы «ифтиәх тәкбірі» немесе «тахримә» деп аталады. Осы тәкбірмен намаз басталады және сыртқы дүниемен байланыс үзіледі.

  1. Қиям

Шамасы келген адамның парыз намаздарда, үтіп немесе нәзір намаздарда аяғымен тік тұруы – парыз. Сол себептен тік тұруға шамасы келген адамның, отырып, парыз немесе уәжіп намаз оқуына болмайды.

  1. Қирааттың мәні

«Қираат» термин ретінде «Құран оқу» деген мағынаны береді. Қирағаттың парыз екендігін мына дәлелдерге сүйенед. Алла Тағала былай дейді: «Құранның өздеріңе жеңіл болғанын оқыңдар!» («Мүзәммил», сүресі, 2-аят). Сол себептен Құраннан қысқа аят болса да, оқылуы керек.

  1. Рүкүғ

Намаздарда рүкүғқа иілу  -оның рүкуны. Рүкүһта бас пен арқаны тік ұстап, қолды тізеге дейін апарады.  Алла Тағала Құранда: «Әйғ иман келітргендер! Рүкүғқа иіліңдер» («Хаж» сүресі, 77 - аят), -деген.

  1. Сәжде

Сәжде – намаздың парызы. Сәждеде маңдай, бет, екі аяқ, екі қол және екі тізе жерге қойылады. Сәжденің парыз екендігі жайында Құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Рүкүғ қылыңдар, сәждеге бас қойыңдар» («Хаж» сүресі, 77-аят) – дейді.  

  1. Қағда ахира

Қағда ахира «соңғы отырыс» деген сөз. Екі рәкәғатты намаздарды екінші, ал төрт рәкәғатты намаздарда төртінші рәкәғат соңғы отырс болып саналады. Намаздың соңында тәшәһһуд уақытындай отыру – намаздың парызы, рүкуны.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары