«Әркім ақыретте сүйгенімен бірге». Бірақ адам сүйгенімен бірге болып, шын бақытқа жету үшін намаз оқу керек.
Сахабалардың бірі Рәбия Пайғамбарымызға ﷺ қызмет ететін.
Бір күні Пайғамбарымыз ﷺ Рәбияға: – Менен қалағаныңды сұра, – деді.
Рәбия күлімдеп, ойланбастан:
– Жұмақта сенің досың болғым келеді! – деді.
Пайғамбарымыз ﷺ: – Басқа нәрсе сұрасаң болмаушы ма еді?
Рәбия: – Бұдан басқа арманым жоқ! – деді.
Аллаһтың елшісі ﷺ : – Олай болса көп сәжде қылып (намаз оқып), өзің үшін маған көмектес, – деген болатын.
Пікірлер