Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ӘЖЕТХАНАҒА КІРЕР КЕЗДЕ АЙТЫЛАТЫН ДҰҒА
28 желтоқсан, 2016 жыл 1088 Басып шығару нұсқасы

Әжетханаға кірерде мына дұғаны айтады:

 ثُ بُ خْ الَ نِ مَ كِ بُوذُ عَ أِّنيِ إَّ مُ هَّ] اللِ اللهِ مْسِ  «[ب .»ِ ثِائَ بَ خْالَ و

“[Бисмилләһ] Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл-хубуси уәл- хабәис”. Мағынасы: [Алланың атымен]. Ей, Алла! Шын мәнінде мен ер және әйел жын –шайтандардан Өзіңе сыйынамын. Ал әжетханадан сыртқа шыққанда: .»َ كَانَ رْ فُ«غ “Ғуфранәкә”. Мағынасы: (Ей, Алла!) кешіріміңді сұраймын. өйткені әжетхана, моншада Алланы жария түрде еске алып, зікір етуге тиым салынған. Мұсылман әжетхана ережелерін білгені дұрыс:  Сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу; Жоғарыда аталған дұғаларды оқу; Егер әжетханаға түнде, не күндіз кіретін кезде дыбыс шығарып кіру;  Өзімен бірге Құран, хадис, т.б. сол сияқты кітаптарды алып кірмеу; Ер адам тіке тұрып дәрет сындырмау керек;  Лажы болса, құбылаға қарап алды-артымен отырмау қажет;  Ас дәрет алатын орында сөйлемеу; Тазаланғанда сол қолмен жуу немесе сүрту; Кесек, не сумен, не арнайы оралған жазуы жоқ дәретхана қағазын қолданып тазалану; Бекерден бекерге ұзақ отырмау, өйткені ол жер – лас, шайтан арбап түрлі ауруға ұшыратады;  Әжетханада газет оқуға, сәлемдесуге тиым салады, т.б.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары