Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Көркембайдың көне мешіт-медресесі (фото)
06 желтоқсан, 2016 жыл 1312 Басып шығару нұсқасы

         Бұл — Көркембайдың мешіт-медресесі. XIX ғасырдан қалған мұра. 30 күмбез бен 26 бөлмеден тұратын ғимаратта кезінде қазақ балалары шариғат үйреніп, сауат ашқан. Қазақ даласында азан даусының бір сәтке де үзілмей келгенінің көрнекі дәлелі. Алаштың оқығандары жаппай қуғын-сүргінге ұшырап жатқанда ұстаз Көркембай Бектұрлыұлы елден кетіп, білім ошағы қараусыз қалады…

Мешіттің терезелері үлкен болғандықатн бөлмелері жап-жарық. Арнайы кітап жинап қоятын сөрелері де бар. Ескідегі мектептер тура осындай сипатта болған. Қазіргі мүмкіншіліктерімізге қарап тұрсақ, мына дүниенің бәрі ертегі сияқты көрінеді.Көнеден қалған мұндай құндылықтарымыз қазір саусақпен санарлықтай қалды. Алайда ескілігіне қарамастан, ғимарат адамға ерекше әсер береді. Көненің иісі, бұрынғылардың ізі жатқандай.

Сәулет-ескерткіш қазіргі таңда мемлекеттің қорғауында тұр. Бірақ, ескінің аты ескі болғандықтан, бір қабырғасы қисаймай болмайды.Күмбездері де опырылып, құлай бастаған. Жаңбыр себеп болса керек. Оған қарамастан мешіт-медресе адамға ерекше әсер береді. Асықпай бөлмелерін аралап көрсеңіз өткен заманға қайта оралғандай күй кешесіз. Осы жерде қазақ балалары оқыған, осы жерде шамнан шырақ жағылған. Осы жерде көненің асыл сынықтары сабақ беріп, шәкірт тәрбилеген. Құран жаттатқан.

Жалғыз Маңғыстаудың ғана емес, жалпы Қазақ елінің тарихын айтып тауыса алмайсыз. Біздің өткеніміз сонысымен де құнды шығар.  Бейнеуге жолыңыз түсіп жатса, міндетті түрде Көркембайдың мешіт медресесін келіп көріңіз. Аудан орталығынан алыс емес. Ары кетсе 1 сағат шамасында. Кез-келген тұрғынынан сұрасаңыз, жол көрсетіп жібереді.

Bitan Azamat

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары