Тілдік нұсқа
Радио

мақала

БАЛЫҚ МАЙЫНЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ ҚАНДАЙ?
26 сәуір, 2021 жыл 12490 Басып шығару нұсқасы

Өзіміздің күнделікті тұрмысымызда пайдаланатын балық майының ағзамызға  берер пайдасын көбіміз біле бермейміз. Балықтың бауырынан дайындалатын май әлемнің түкпір-түкпірінде үлкен сұранысқа ие. Қазіргі уақытты базарлар мен түрлі сатылым дүкендерінде балық майының екі түрі ұсынылған. Оның бірі сұйық және бірі қою капсула түрінде. Дегенмен, сұйық күйінде кездесетін балық майының бағасы арзандау. Есесіне, қою май сапалы әрі жағымсыз иіс бермейді. Аталмыш майдың  адам  ағзасына  берер  пайдасы   орасан. Құрамына келер болсақ, йод, фосфор, сондай ақ, Е, Д, А дәрумендері де кездеседі. Медецина саласында  жиі қолданылатындықтан,  аталмыш  май  тұтынушылардың да сұранысына  ие. Жүрек  ауруларынан  бастап, семіздікпен  күресу үшін таптырмас  бірден-бір ем. Балық  майының  құрамында  кездесетін  Омега 3 майлы  кислоты  адам  ағзасында маңызды  рөл  атқарады. Әсіресе, мидың жұмысын  реттеп, ойлау, есте сақтау секілді қабілеттерді жақсартады. Балық майын емдік дәрмек түрінде қолданудың нәтижесі бірнеше аурудан айығуға себепші болмақ.  Атап айтар болсақ: Артериялдық қан қысымының жақсаруы;  Құрғақ  терінің нәрленуі; Рак, артрит, жүрек аурулары; Ағзадағы ген қызметінің реттелуі.                                                           

Сондай-ақ, балық майын дұрыс тұтынудың арқасында бұлшық еттерді қатайтып, күш жинай аласыз. Ал, майдың қолдану тәсіліне келер болсақ, пайдаланудың бірнеше түрі бар. Мысалғы,  Америкалық Жүрек Ассоциациясы майды қолданудың ең төменгі дозасын таңдап отыр. Яғни, күніне 0,5 граммнан 2 граммға дейін. Ал, көбіне тұтынушылардың   пайдаланылатын дозасы одан көбірек. Мысалғы, тамақпен бірге майдың 1-2 грамын күніне екі-үш рет қайталап қолдануға болады. Осылайша бір ғана балық майын пайдалана отырып, бірнеше дерттің шипасын табуға болады

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары