Істеу керек:
- Дәретті болу
- Таза киім кию және хош иістену, бірақ қатты болмауы керек
- Мешітке оң аяқпен кіру
- Аяқ киім шешу
- Мешітке кіргенде егер жамағат намаз оқып жатпаса, ішіндегілерге сәлем беру
- Мешіт ішінде ешкім болмаған жағдайда «Ассаляму алайни уә аля ибадилляхис салихин» (Алланың сәлемі біздерге және салихалы құлдарына болсын) деп айту керек
- Алла үйіне келгеннен кейін екі рәкағат сәлем намазын оқыған абзал.
- Намаз оқуға рұқсат етілмейтін уақыттар: 1) таң намазы кіріп қойса, күн шықпайынша оқуға болмайды. 2) күн тас төбеде тұрғанда; 3) Екінті намазы кіргеннен кейін күн батқанша; 4) Хұтба оқылып жатқан кезде
- Мешітте болғанда көбірек зікір жасау
- Парыз намазы басталарда жамағат сап түзеп, араларында орын қалмайтындай бір-біріне жақын тұрып дайындалу
- Кешігіп қалсаңыз бос орынға тұра салған дұрыс
- Мешіттен оң аяқпен шығу
Істеуге болмайды
- Мешітке барарда иісі қатты шығатын әтір сеппеу, пияз бен сарымсақ жемеу
- Мешітте жеке кәсіпке байланысты қандай-да бір бітімгерлік, шарт жасасуға болмайды
- Жоғалған затыңды жар салып іздемеу
- Дауыс көтеріп сөйлеуге, шу шығаруға, телефонмен сөйлесуге болмайды
- Дүние затын айтуға
- Көп адам болғанда сапқа қыстырылысу
- Намаз оқып жатқан адамның алдынан өтуге
- Жаныңдағыларға кедергі келтіретін жағымсыз дыбыстар шығаруға
- Мешітке ақыл-есі дұрыс емес жандарға, әйелдердің етеккірі келгенде және мас күйінде немесе есірткі қолданса кіруге болмайды
- Елдің мазасын алуға
- Азан оқылып жатса, мешіттен шығып кетуге болмайды
- Аяғыңды Қағбаға қаратып отыруға болмайды
Сондай-ақ, Куртуби бұл әдептерді орындаған жа үшін мешіт шайтаннан қорғайтын жер болып табылады деп жазды.
Пікірлер