Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Досы періштелерден болатын адам
09 желтоқсан, 2020 жыл 769 Басып шығару нұсқасы

Алла елшісінің Әбу Хұрайра жеткізген хадисінде: «Күмәнсіз, әр мешіттің өз тіректері (үнемі сонда намаз оқитын адамдар) бар. Періштелер солармен бірге отырады. Егер олар мешітте болмаса періштелер оларды іздейді. Егер олар ауырып қалса, оларға періштелер барады.  Егер оларға әлдене қажет болса періштелер оларға көмектеседі. Мешіттегі адам үш игіліктің бірін табады – өзіне жақсы дос табуы мүмкін, жақсы сөз естуі мүмкін немесе күткен (мейірім) қажеттілігін алуы мүмкін»-делінген.

Періштелермен бірге отырғысы келетін, ауырған шағында өзіне періштелердің келгенін қалайтын немесе мұқтаж болған сәтінде періштелердің көмектескенін қалайтын жан жоғарыда айтылған хадиске назар аударғаны абзал.

«Мешіт тіректері» деген сөздің астарында мешіттің ажырамас бөлігіне айналған, үнемі мешітте болатын адамдар меңзеліп тұр. Себебі бұл адамдар мешіттің рухани атмосферасын қалыптастырушы.  Періштелер бұл адамдарға дос болып, олар мешітте құлшылық қылғанда қастарында отырып, дұғасына «әмин» дейді. Ол үшін кешірім сұрайды. Мешіттен табылған дос бұл өмірде ғана емес, болашақ өмірде де дос болады. Себебі бұл Алла разылығы үшін достасу. Ал екінші игілікке келр болсақ, адам мешітте жаман, жағымсыз ештеңе естімейді. Керісінше Құран тыңдайды. Уағыз тыңдап, білмегенін біліп, өз білімін жетілдіруі мүмкін. Ал үшінші игілік Алла Тағаланың мейірімін меңзейді. Және осы мейірімге мешітте есік айқара ашылады. Ал мешітте құлшылық қылатын адамдар сол арқылы осы есіктерге аяқ басады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары