Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ӨЗ КӨЗІНЕН ӨЗІ САҚТАНҒАН АЙША (Р.А.)
14 қыркүйек, 2016 жыл 720 Басып шығару нұсқасы

Барша мұсылманның ардақты анасы Айша (р.а.) Алланың әміріне ешқақан салғырт қараған емес. Әурет жерлерін жабу, бөгде ер адамның көзіне түспеу секілді іс-әрекеттерді анамыз басқаларға қатты үйретіп, өзі де бұған аса сақтықпен қараған. Мүміндердің анасы бола тұра ақыл-кеңес сұрай келген ер адамдармен перденің ар жағында тұрып сөйлескенін де білеміз. Мейлі ол адамның көзі көрмесе де, өзінің әдетінен тайған емес анамыз.

Бір күні жанына табиғиннің алдыңғы қатарлы адамдарынан хазірет Ысхақ келгені сол еді, анамыз тағы да перденің арғы жағына өтті. Алайда хазірет Ысхақтың көзі көрмейтін, анамыздың бұл әрекетін жатырқап:

  • Менен де сақтанып жатырсыз ба? Мен сізді көрмеймін ғой, – дегенде, оған:
  • Сен мені көрмеуің мүмкін, бірақ мен сені көремін ғой 1 – деген еді.  

 

  1. Ибн Сағд, Табақат, 8\69

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары