Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шайтан туралы 18 хадис
09 қаңтар, 2016 жыл 386 Басып шығару нұсқасы

Шайтан – адамның ең зұлым жауы. Ол адамды соңы үлкен өкінішке апаратын ауыр күнәларға итермелеуге қауқарлы. Бірақ қандай айла-шарғыға барса да, ол адам үшін шешім қабылдай алмайды. Дұрыс я бұрыс шешімді адам өзі қабылдайды. Сондықтан да адам өмір бойы өзінің ең зұлым жауы шайтанмен күресіп өтеді. Әр күресте оны жеңе білудің бірінші құралы – өз жауыңды білу. Алла елшісінің шайтан туралы хадистеріне зер салайық:


1. «Алла Тағалаға Шайтан: «О, Алла Тағала! Сенің ұлылығыңмен ант етемін! Сенің құлдарыңды өлгенге дейін адастырамын!»-дейді. Сонда Алла Тағала: «Өзімнің ұлылығыммен және құдыретіммен ант етемін! Олар менен кешірім сұрауды доғарғанша Мен оларды кешіруден танбаймын!»-деген.


2. «Шынында шайтан адамның қаны арқылы қозғалады».


3. «Періштелер - нұрдан, жындар – оттан, ал Адам – сендерге айтылғаннан жаратылды».


4. «Әтештің дауысын естігенде Алладан мейірім сұраңдар. Себебі ол періштені көреді. Ал есектің ақырғанын естісеңдер Алладан пана сұраңдар, есек шайтанды көреді».


5. «Шынында шайтан өзіне Алла Тағала еске алынбаған тағамды құп көреді».


6. «Шынында шайтан не істесеңдер де әрқайсыңның қасыңда, тамақтанған кезде де сендерді жалғыз қалдырмайды. Егер біреу қолынан тамағын түсіріп алса, оны шайтанға қалдырмай жеп қойсын».


7. «Адам өз үйіне кіргенде және ас ішкенде Алланы есіне алса, шайтан өзінің шабармандарына: «Сендерге (мұнда) пана да, кешкі ас та жоқ»-дейді. Егер адам үйіне кіргенде Алланы есіне алмаса, шайтан шабармандарына: «Сендер паналы болдыңдар»-дейді. Ал егер адам ас ішкен кезде Алла Тағаланы есіне алмаса, шайтан: «Сендер пана да таптыңдар, ас та ішесіңдер»-дейді.


8. «Ешқайсың ас-суыңды сол қолдарыңмен ішіп-жемеңдер, себебі шайтан ас-суын сол қолмен ішіп-жейді».


9. «Ұйқыдан тұрып дәрет алсаңдар үш мәрте мұрындарыңды шайыңдар, себебі танауларыңда шайтан түнейді».


10. «Адам ұйықтағанда шайтан оның желкесіне үш түйін байлап: «Түн ұзақ, ұйықта»-дейді. Егер адам ұйқыдан оянып Алланы есіне алса, бір түйіні шешіледі. Дәрет алғанда екіншісі, намаз оқығанда үшіншісі шешіліп, адам таңертең сергек тұрады. Керісінше жағдайда адамның еңсесі түсіп, солғын жүреді».


11. «Күндіз демалыңдар (ұйықтаңдар), себебі шайтандар күндіз ұйықтамайды».


12. «Күн шыққанда және күн батқанда намаз оқымаңдар, себебі күн шайтанның екі мүйізінің арасынан шығады».


13. «Таң намазын оқы. Содан кейін күн шығып, көкжиекке көтерілгенше құлшылықты тоқтат. Себебі күн шайтанның мүйізінің арасынан шығады және бұл уақытта оған дінсіздер құлшылық етеді. Содан кейін намаз оқуыңа болады, себебі намазға періштелер қатысып, оған куә болады».


14. «Қатарды сақтаңдар, иықтарыңды түйістіріңдер, бос жерлерді толықтырыңдар, шайтанға орын қалдырмаңдар. Қатарды толықтырғанға Алла сый береді, қатарды бұзғанға жаза бар».


15. «Есінеу — шайтаннан, Егер біреу есінегісі келсе шамасы келсе қайтарсын, себебі біреуің: «А-а-х» десеңдер, шайтан оған күледі.


16. «Үйлеріңді молаға айналдырмаңдар: шайтан «Сиыр» сүресі оқылатын үйден қашады.


17. «Рамазан келгенде Жұмақтың есіктері ашылып, Тозақтың есіктері жабылады, ал шайтандарға кісен салынады».


18. «Шайтандар – бұл жындар. Олар тақуа жандардан қорқады. Бірақ олар адамның қорқынышын сезеді. Сондықтан сендер жындардан қорқар болсаңдар, олар күш алып, қорқытқан үстіне қорқыта түседі».


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары