Тілдік нұсқа
Радио

мақала

КҮЙЕУІН ҚАРИ ЕТКЕН КЕЛІНШЕК
27 қаңтар, 2021 жыл 2338 Басып шығару нұсқасы

Күндер, айлар өтті, сөйтіп арада жыл да өтті... 
Жігіт некелі жарын Құран жаттаудан басып озды. Мұнысына марқайып, қатты қуанған ол келіншегінің ата-анасына қонаққа барып былай деп мақтанды: 
- Білесіздерме? Біз қыздарыңыз екеуміз Құран жаттаудан жарысып едік. Арадан бір жыл өтіп, мен Құран Кəрімді толығымен жаттап қари болдым. Қыздарыңызды жарыстан жеңдім! 
Бұл сөздерді естіген қыздың ата-анасы аң-таң болып, жігітке: 
- Балам-ау, біздің қызымыз Құран Кəрімді 9-жасында тəмамдап, жатқа білген. Сен мұны білмеушіме едің? - десті. 
Жігіт мұны есітіп қайран болды. 
Əйеліне келіп: - Мұны неге менен жасырдың?- деп сұрады. 
Сонда парасатты келіншек былай деп жауап беріпті: 
- Мен сізбен танысқанда - сіз Алланы толық білмейтін, ислам дінімізден хабары жоқ жігіт едіңіз. Мен сізге тұрмысқа шығып, Алланы, оның қасиетті кəламын үйретем деп бел будым. Себебі, қияметте сіздің тозақ отына күйгеніңізді қаламадым...

Негізінде, бұл тақуа қыз пайғамбарымыздың (с.а.у) Алиге (р.а) айтқан хадисіне амал еткен болатын. 
Ол хадисте пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген екен: 
"Ей Əли! Сенің себебіңмен Аллаһ бір пендесін Исламға кіргізсе немесе тура жолға салса, сол сен үшін бұл жер жүзіндегі барлық нəрседен абзал болмақ "

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары